Етті
БағытыҰҚМ
Жануардың түріГорький
Тұқымның атауыГорький қой тұқымы Ресейде Нижний Новгород облысында колхоздарда, 1936-1959 жылдары гемпшир тұқымды қойларды жергілікті қалың жүнді солтүстік қысқа құйрықты қойлармен будандастыру арқылы өсірілді. Горький етті-жүнді тұқымы 1950 жылы бекітілген.
Горький тұқымының қойлары дене бітімі бойынша гемпшир қойларына ұқсас. Олардың бұлшықеттері айқын көрінеді, конституциясы күшті. Басы жалпақ, қысқа, мойны бұлшықетті, ұзындығы орташа. Дене пішіні - бөшке тәрізді. Аяқтары қысқа, кең орналасқан. Саулықтар да, қойлар да тұқыл. Горький қой тұқымының кеудесі кең және терең, қабырғалары дөңгелектенген, омырауын жақсы дамыған. Арқасы, жотасы, құйымшағы және белі түзу, жалпақ, саны бұлшықетті. Аяқтарындағы жүні тілерсек және тізе буындарына, басында - көз сызығына дейін, денесі ақ түсті жүнмен жақсы жабылған. Құлағы, басы және аяқтары жабынды қара жүндермен жабылған. Жүні штапельді-бұрымша, көбінесе штапельді құрылымды. Шайыры ақ немесе ақшыл сары түсті. Жүн ирегі жақсы. Горький қой тұқымының жүні 50-58 сапалы, біртекті, жүнінің ұзындығы 7,5-8,5 см жетеді.
Жуылған жүнінің түсімі - 55 %, орташа алғанда, бір қошқардан түсетін жүн қырқымы — 4-4,5 кг, саулықтан - 3-3,7 кг. Қошқарларының тірідей салмағы - 110-120 кг, саулықтарының тірідей салмағы — 60-67 кг. Саулықтарының өнімділігі қалыпты — 120-140%, асыл тұқымды отарларда — 160% дейін. Ерте жетілуі жоғары, 6 айға қарай, төлдерінің салмағы 35-40 кг. Қозылардың орташа тәуліктік салмақ өсімі - 220 г дейін. Таза ет түсімі - 50-55%. Сүттілігі - лактация кезеңінің 120 күнінде 130-155 л. Тұқымның артықшылықтары: Горький қой тұқымы жемшөп шығындарын тез өтейді және ерте жетіледі, өнімділігі айтарлықтай жоғары, сүттілігі мен таза ет түсімінің көрсеткіштері жақсы. Тұқымның кемшіліктеріне мыналар жатады: жүн қырқымы аз, асыл тұқымды емес отардың жүні біркелкі емес, денесінің әртүрлі бөліктерінен қырқылған жүнінің жұқалығы бойынша шашыраңқылығы жоғары.
Алтай қой тұқымы (Altay), Балвен қой тұқымы (Balwen), Барбадос блэкберри қой тұқымы (Barbados Blackbelly), Гиссар қой тұқымы (Hissar).