Мініс
Тұқымның атауыХайленд пони
Тұқымның атауыМініс
БағытыЖылқылар
Жануардың түріШотландиялық тау пониі – ең күшті және ең ауыр Британдық понилердің бірі. Оның екінші атауы – хайленд пони (highland pony). Шотландияның солтүстік бөлігінен және батыс жағалауындағы аралдардан шыққан. Бұл аймақта понилар мыңдаған жылдар бұрын өмір сүрген деген болжам бар. Сыртқы түр сипатымен азиялық жабайы жылқыға ұқсайды, дегенмен тұқым басқа тұқымдардың қатты әсеріне ұшырады және оның сыртқы түрі уақыт өте келе біршама өзгерді. Қазіргі шотландтық тау пониі әртүрлі будандастырулар, ең алдымен араб және клейдесдаль жылқысын будандастыру нәтижесінде пайда болды, оның қадамы батыл, төзімді, ұзақ өмір сүруімен ерекшеленеді. 16 ғасырда оған француз және испан понилері ықпал етті, ал 19 ғасырда хакнэ жылқы түрлерінің қаны, сондай-ақ фелл және дале понилерінің қандары араластырылды. Тұқымды жақсарту үшін араб қаны пайдаланылда. Хайленд пони жабайы табиғатта қатал өмір сүру арқылы қалыптасқан тұқым, бұл үлкен төзімділікке ие және мықты денсаулығы бар ерекше қыңыр және шыңдалған понидің қалыптасуына әкелді. Бертінгі уақытқа дейін тұқым екі түрге бөлінді: ауыр түрлері Шотландиядан шыққан, шоқтығының биіктігі 144 см жетеді; және анағұрлым жеңіл түрлері, аралдарды мекендеген. 1923 жылы құрылған Шотланд тау понилері қоғамы бұл бөлінуді мойындамаса да, ол бүгінгі күнге дейін бар.
Шотланд пониінің биіктігі 132-144 см. Түсі сұр, қара-торы, қара, торы, қызғылт-жирен, жалы мен құйрығы ақшыл. Дене құрылысы: араб жылқысынан мұраға қалған әдемі басы бар, маңдайы кең, көздері өткір, байыпты, танауы кең; мойны мықты иілген; иықтары қиғаш; тұлғасы ықшам, қабырғалары дөңес келген; сауыры мықты; жамбасы бұлшықетті; аяқтары мықты, қара тұяқтары, тұаяқтары қатты, қаралау.
Хайленд – дене тұрпаты мықты жыл бойы жұмыс істей алатын, күшті пони. Ертеде оны жауынгерлер салт мініп жүретін, ол қой бағып, көсем жегілген күйі жұмыс істеген, кесілген ағаштарды сүйреген, аңшыларды биік тауларға көтерген және салмағы100 кг-ға дейін тартатын олжаны төменге алқапқа дейін апаратын. Бүгінгі таңда ол треккинг пониі ретінде пайдаланылады және ересек адамды көтере алатын бірегей әмбебап пони болып табылады. Таза тұқымды шотланд понилерін ат спортынан да көруге болады, ең алдымен ат әбзелдерімен жегулі кезінде және бастықтыруда.
Тимор пониі (Timor pony), Уэльс тау пониі (Welsh mountain pony).