Мініс
Тұқымның атауыИберийлік
Тұқымның атауыМініс
БағытыЖылқылар
Жануардың түріИберия тұқымының туған жері - Иберия түбегі, ал Португалия мен Испания сол түбекте орналасқандықтан, олардың тұқымға еткен әсері айқын көрінеді. Тиісінше, бүгінгі күні Иберия жылқысының екі кіші типі бар: "Андалусия" (немесе таза қанды испан жылқысы) және "лузитано" (немесе таза қанды португал жылқысы). "Альтер-реал" деп аталатын үшінші типі де бар, бірақ осы типтің жылқыларын өсірумен айналысатын зауыт Португалияда болғандықтан, иберияның бұл типін де "лузитано" қатарына кіргізе бастады. Дегенмен "альтер-реалдың" сырт пішінінен португал жылқысының қанына қарағанда ежелгі испан қанының әсерін байқауға болады.
"Андалусия" типі көк түсті өкілдер арасында, "лузитано" торы мен сұр түсте, "альтер реал" торы мен қара торы түсте ұтымды болып саналады. Жылқылардың бойы 152-162 см жетеді, бірақ кейде биіктігі 170 см болатын иберия жылқыларын кездестіруге болады. Сипаттамалық ерекшеліктері: маңдайы кең, көзінің пішіні бадам тәріздес, ерекше айқынылықпен ерекшеленеді, бетінің қыры түзу немесе "бүркіт тұмсық" - дөңтұмсық, мойны айтарлықтай ұзын, бұлшық еттері жақсы дамыған, аяқтары күшті, ұзын, құйрығы мен жалы көбіне толқынды бұйра.
Туа біткен талғампаздығының, керемет икемділігінің арқасында жылқылар әртүрлі шоу-спектакльдерде, көсем жегіліп, корридода, конкурда жиі пайданылады. Мамандардың пайымдауынша, ибериялықтар барлық мініс жылқыларының тұқымдарын қалыптастыруға қатысқан, ал олардың тікелей ұрпақтары: "аппалуза", "кладрубер", "липициандар", "квартер", "перу пасосы", "американдық мініс жылқысы", "пасо фино", және "криолло".
Американдық Үндіс жылқысы (American Indian), Аппалуза (Appaloosa), Виргиния тау жылқысы (Virginia Highlander).