Жұмыртқалы
БағытыҮнділік жүгірушілер
Тұқымның атауыҚұстар
Жануардың түріҮнді жүгіргіш үйрегі – бұл жұмыртқалық бағытты үйректердің жалғыз танылған тұқымы. Еуропаға өткен ғасырдың соңында Оңтүстік-Шығыс Азиядан әкелінді. Бұл кезде хайуанаттар бағында болған.
Үнді жүгіргіш үйрегі тұқымына ұзын аяқтары мен ұзын мойны бар түзу, тік орналасқан дене тән. Осының арқасында ол тез қозғала алады. Оларды "жүгіргіштер" деп бекер атамаған. Үйректің қауырсындарының түсі әр түрлі болуы мүмкін – қоңыр, қара, ақ, жабайы үйректердің суреті бар, қоңыр-cекпілді, форель түсті және т.б. Үлкен ата үйрегінің салмағы шамамен 2-2,2 кг, ұрғашыларынікі - 1,75-1,9 кг.
Орта есеппен бір ұрғашы бір жылда 150-ден 360-қа дейін жұмыртқалауға қабілетті. Бір жұмыртқаның массасы 65-80 г, қабығының қалыңдығы 0,38 мм, түсі негізінде ақ, көгілдір және жасылдау құлпырған түсімен кездеседі. Үйрек жұмыртқалары керемет ұрықтандырылады және басып шығаруы жоғары. Балапандар жұмыртқаны жарып шыққан соң дене массасын жылдам жинайды және екі айлық жасына қарай салмағы 1,5 кг-нан артық болады. Олар ауа-райына көнбіс, тіпті қарда жүреді және ауырмайды, көптеген ауруларға төзімділігі жоғары, суды өте жақсы көреді.
Дені сау, мықты ұрпақ алу үшін күзде үйректерден ең өнімді бес ұрғашысын және аса сапалы ата үйрегін таңдайды. "Ата-аналарын" таңдағанда дөңгелек төс сүйегі дамыған, жамбас сүйектері жақсы өсірілген, қарны жұмсақ және қауырсындары әдемі құстарға артықшылық беріледі. Үнді тұқымының ата үйректері өте белсенді, сергек, жұптасу міндетін оңай жеңеді, үйректерді 5-6 айынан бастап жабуға дайын.
Көгілдір фаворит (Blue favorite duck)