Мініс
Тұқымның атауыИспан-араб
Тұқымның атауыМініс
БағытыЖылқылар
Жануардың түріИспан-араб жылқылары испан-араб биелері мен ағылшынның асыл тұқымды айғырларынан тараған. Бұл тұқымда үш қан араласқандықтан, жылқыда араб және Андалузия, сондай-ақ ағылшын тұқымдарының белгілері болуы мүмкін.
Бұл жылқылардың бойының биіктігі 147,5-тен 160 см-ге дейін. Түстері жирен, сұр немесе торы. Тура кескінді, сирек «шортан мұрынды», мойны жіңішке, кербез, иықтары қиғаш, кеудесі кең, терең, арқасы тегіс, сауыры кең, құйрығы келіскен. Аяқтары күшті, тұяқтары қатты.
Бұл тұқымның жылқылары көбінесе вестерн жарыстары, атап айтқанда каттинг үшін қолданылады, олар ептілігімен және батылдығымен ерекшеленеді. Бірақ испан-араб жылқылары бастықтыруға және конкурға да жарамды. Олар жуас және көнбіс болады, бірақ соған қарамастан мінезді. Жалпы, бұл тәжірибелі шабандозға арналған жылқылар.
Американдық үнді жылқысы (American Indian), Аппалуза (Appaloosa), Виргин тау жылқысы (Virginia Highlander), Иберия жылқысы (Iberian).