Кавказ
Тұқымның атауыЕтті
БағытыҰҚМ
Жануардың түріКавказ қой тұқымы (басқа атауы кавказдық рамбулье) 1936 жылы КСРО-да Ставрополь өлкесінің Ипатов ауданының "Большевик" және "Ипатовский" асыл тұқымды кеңшарларында шығарылған. Тұқымды құру кезінде жаңа кавказдық меринос американдық рамбульемен және аскания қойларымен будандастырылған. Тұқымның авторлары - Я В. Сладкевич және зоотехник К.Д. Филянский. Кавказ тұқымы жаңа кавказдық мериностың ұзын жүні мен мен біртоғалығын және американдық рамбульенің дене бітімі мен бойының үлкендігін біріктіреді. Кавказ тұқымы негізінен Ресейдің оңтүстік аймақтарында, негізінен Ставрополь және Краснодар аймақтарында таралған. Сондай-ақ, кавказ тұқымының отарлары Солтүстік Кавказда, Оралда, Сібірде, Қазақстанда, Қырғызстанда, Еділ бойында, сондай-ақ Грузия мен Арменияда кездеседі.
Кавказ тұқымының қойлары ірі, бойы ұзын, дене бітімі жақсы, конституциясы мықты болады. Басы шымыр, мұрны тік, мойны қысқа, 1-3 тері қатпары бар, арқасы түзу, тұрқы ұзын, терең, ұсақ қатпарлары бар. Аяқтары күшті, шымыр, терісі тығыз, бұлшықеттері жақсы дамыған. Ұрғашы қойлары тұқыл, қошқарлары жетілген мүйізді. Басының, аяқтарының және ішінің жүндері жақсы өседі, жүні тығыз бұйығы. Жүнінің ұзындығы ұрғашы қойларда 7-8 см, еркек қойларда — 8-10 см. Аналықтарының тірідей салмағы - 54-65 кг, қошқарларынікі - 115-130 кг. Шайыры ашық сары.
Ұрғашы қойлардан 2,8-3,5 кг жүн, қошқарлардан 7,5-9 кг жүн қырқылады, жуылған жүннің түсімі 50-58%, жұқалығы — 64 класс. Еттілік коэффициенті - 3,75-3,85. Кавказ тұқымының қойлары жоғары сүттілікке ие (тәулігіне 0,95-2 литр сүт, майлылығы 4,2-8,1%). Қойлардың өнімділігі жоғары - орта есеппен аналықтардан 130-140 қозы, асыл тұқымды отарларда — 150-ге дейін немесе одан да көп. Тұқымның артықшылықтары: сүттілігі және өнімділігі жоғары, қырқымы жақсы, құрғақ, қуаң климатқа жақсы бейімделген. Тұқымның кемшіліктері: ерте жетілудің төмендігі, сондай-ақ жүнінің әртүрлі тығыздығы. Асыл тұқымды емес шаруашылықтарда кавказ тұқымы қойларының көбінесе бауыр жағында жабын нашар өседі, жүні сирек және қысқа болады.
Алтай қой тұқымы (Altay), Балвен қой тұқымы (Balwen), Барбадос блэкберри қой тұқымы (Barbados Blackbelly), Гиссар қой тұқымы (Hissar), Горький қой тұқымы (Gorky)