Қазақ арқар-меринос қой тұқымы (Kazakh Archaromerinos)

Қазақ арқар мериносы Жүнді ҰҚМ

Қазақ арқар мериносы

Тұқымның атауы

Жүнді

Бағыты

ҰҚМ

Жануардың түрі
0  
Қазақ арқар-меринос қой тұқымы (Kazakh Archaromerinos)
sheep-poroda-Soviet-Kazakh-Archaromerinos

Тарихы

Қазақ арқар-меринос тұқымын құру кезінде негізінен будандастырудың екі әдісі қолданылды: түрлендіргіш және жаңғыртқыш. Биік таулы меринос типіндегі қойлардың жаңа тұқымын құру ХХ ғасырдың 30-жылдарында жабайы тау қойлары – арқарды меринос қойларымен түраралық будандастыру негізінде басталды, 1950 жылы сыналды. Бұл тұқым уақыт сынақтарынан сәтті өтіп, өзін ең жақсы жағынан көрсете білген етті-жүнді меринос бағытындағы алғашқы тұқымдардың біріне айналды. Арқар-меринос республиканың оңтүстік-шығысында (биік таулы аудандарында), Орталық Қазақстанның ұсақ шоқыларында, Алтайда бұрыннан қалыптасты, осылайша биік таулардың қатал жағдайында өмір сүруге және тамаша меринос жүні мен жоғары сапалы қой етін өндіруге өзінің ерекше қабілетін дәлелдеді.
Тұқым авторлары: Бутарин Н.С., Есенжолов А.И., Жандеркин А.И., Большакова Е.В., Каюпов Т., Манапова Ж., Мусиралиев М.
Ет өнімділігі жоғары және меринос жүнінің ең жақсы қасиеттері бар қазақ арқар-мериносының «Нарынкөл» жаңа экофенотипі (2016 ж.) сыналды.

Тұқым стандарты

Қазақ арқар-меринос қой тұқымы берік, жақсы дамыған қаңқасы бар мықты конституцияға ие. Жеке дарақтары ірі (ұрғашылар 55-60, 90 кг-ға дейін, қошқарлар 90-100, 150 кг-ға дейін), биік аяқты. Кеудесі ұзын, кең және терең. Дене бітімі үйлесімді. Қошқарлары мүйіздері бүйірлеріне және төмен қараған ірі мүйізді, ұрғашылары тұқыл. Мойнында кішкене бойлық қатпар бар. Аяқтары мықты, дұрыс орналастырылған. Жануарлар тау бедерінде оңай қозғалады, үлкен қашықтыққа секіре алады, есту және иіс сезу қабілеті жақсы дамыған. Жұүні жқа және ұзын (аналықтарда 7-7,5 см, қошқарларда — 8-10 см). Жануарларда жабағы жүнм көзіне дейін, аяқтарында - табан және секіру буындарына дейін өседі.

Шаруашылық сипаттамасы

Қазақ арқар-меринос тұқымының аналықтарында жүнді қырқу 3-3,5 кг, қошқарларда - 7-8 кг (11 кг-ға дейін). Таза жүннің шығымы 50-55 %-ды құрайды. Ерте жетілу қанағаттанарлық: 5 айға дейін қозылардың салмағы ересектердің массасының 60%-на дейін жетеді. Мал сою шығымы ісектерде (салмағы 37 кг) 53%. Құнарлылығы 115-130%. Қазақ арқар-меринос тұқымының артықшылықтары: күшті конституция, үйлесімді дене бітімі, жоғары иммунитет, таулы климатқа жақсы бейімделген, жыл бойы жайылымдық күтіп-ұстауға бейімделген, жақсы сою шығымы. Тұқымның кемшіліктері: таза жүннің төмен қырқылуы, ішті қанағаттанарлықсыз жүн басу, жүннің жабағы мен штапель бойынша жіңішкелігінің сәйкес келмеуі.

Шаруашылықтарда өсірудің практикалық тәжірибесі

Республиканың оңтүстік-шығыс аймағында, Алматы облысының шаруашылықтарында өсіріледі. Жергілікті табиғи-климаттық жағдайларға жақсы бейімделген.

Қазақ арқар-мериносын өсірумен айналысатын шаруашылықтар: Алматы облысы Райымбек ауданының «Алмерек», «Аян», «Ақнұр» шаруа қожалықтары.

Ұқсас тұқымдар

Етті меринос қой тұқымы (Etti merino), Оңтүстік қазақ мериносы (South Kazakh merino).

арх1

Жүктелуде...
Біздің серіктестер