Крайн арасы тұқымы (Krajina bee)

Аралар Балды Краин тұқымы

Аралар

Жануардың түрі

Балды

Бағыты

Краин тұқымы

Тұқымның атауы
0  
Крайн арасы тұқымы (Krajina bee)
pchela-poroda-Krajina-bee

Тарихы

Крайн араларының табиғи тіршілік ету ортасы – Словения, Оңтүстік Австрия, Хорватияның жекелеген аудандары, Босния және Герцеговина, Сербия, Венгрия, Румыния және Болгария. Бұл тұқым материктің үстіндегі күшті ауа ағындары еуропа континентінің климатына әсер ететін бөлігінде дамыды, нәтижесінде бұл жердің қысы салыстырмалы түрде суық, көктемі қысқа және жазы ыстық.

Тұқым стандарты

Бұл үлкен сұрғылт-күміс аралар және түсі бойынша сұр таулы Кавказ араларына ұқсайды: құрсағының арқа жақ жартылай сақиналарында ашық түсті күміс түктерінен тұратын шеңберлері бар, денесіндегі түктер қысқа және қалың, хитин жамылғысы қошқыл түсті. Жұмысшы аралардың мүйізтұмсығының ұзындығы 6,4-тен 6,7 мм-ге дейін. Аяғының бірінші буынының пропорциясы (тарзальді индекс) Кавказ араларына сәйкес келеді. Сондықтан, Кавказ аралары сияқты краинканы да кең аяқты аралар тобына жатқызған жөн. Ұрықты аналықтың салмағы 205 мг.

Шаруашылық сипаттамасы

Өсімталдығы – тәулігіне 1400-2000 жұмыртқа. Аналық жұмыртқаларын дернәсілді ұясының түбіне ықшамдап салады, бұл омарташыны көп корпусты ұядағы корпустарды жиі ауыстыру қажеттілігінен құтқарады. Олар көктемде жақсы жетіледі, сондықтан ерте өсетін бал өсімдіктерін тиімді пайдаланады, ең нашар бал жинау көзінен ең жақсысына тез ауысады. Қызыл бедені тозаңдандырады. Балды алдымен ұяның дернәсілді бөлігіне, содан кейін магазин бөлігіне салады. Бал қабыршағы «құрғақ«, ақ. Крайн аралары аз мөлшерде жем-шөп қорын тұтына отырып, шағын жанұялар құрап жақсы қыстайды. Көптеген аудандары әлсіз бал жиналуымен және суық қыстарымен ерекшеленетін Орталық Еуропада бұл тұқымның аралары омарташылар арасында ең танымал түр болып табылады. Сондықтан, осы аймақтың көптеген елдері крайнка араларының селекциясымен айналысады. Әсіресе Австрияда қарқынды селекциямен айналысады. Орташа бал өнімділігі - 39 кг.

Омарталарда өсірудің практикалық тәжірибесі

Бағдарламаның міндеттері шеңберінде қазақстандық ара популяцияларына генетикалық төлқұжаттандыру жүргізу көзделген. Бүгінгі таңда республика аумағында тұқымдық аудандастырудың ұсынылған жоспары әрекет етеді, онда крайн араларының тұқымы қарастырылған.

Ұқсас тұқымдар

Украиналық дала арасы тұқымы (Ukrainian steppe bee).

Krajina_bee1.width-800

Krajina_bee2.width-800

Krajina_bee3.width-800

Жүктелуде...
Біздің серіктестер