Кулунда қойлары тұқымы (Kulunda breed)

Етті-жүнді Кулундин ҰҚМ

Етті-жүнді

Бағыты

Кулундин

Тұқымның атауы

ҰҚМ

Жануардың түрі
0  
Кулунда қойлары тұқымы (Kulunda breed)
sheep-poroda-Kulunda

Тарихы

Кулунда тұқымы селекциялық белгіледні (жүн өнімділігі) жақсарту мақсатында Алтай тұқымының ұрғашыларын Грозный қошқарларымен және Австралиялық пен Маныч мериносының қошқарларымен будандастыру кезінде пайда болды. Кулунда тұқымының құрылуы 16 жылға жуық (1991-2007) уақытқа созылды. Кулунда тұқымы Ресей Федерациясының солтүстік өңірлерінде танымал. Ресейдегі Кулунда қойларының жалпы саны 10 000 басқа жетеді.

Тұқым стандарты

Түсі көбінесе ақшыл реңкті болады, бірақ қоңыр және қара түсті жануарлар кездеседі. Барлық дарақтары мұқыл. Кулунда тұқымының қойлары ірі, түзілісі мықты. Дене құрылысы пропорционал, көкірегі сүйірленген, арқасы түзу. Басы кішкентай, бейіні түзу, құлақтары жартылай тік. Әдетте, басын – көз сызығына дейін, ал аяқтарын секіру және жіліншік буындарына дейін жүн басады. Жүні ақ, тұйық, штапель құрылымды. Олардың жүні мериностардың жүніне ұқсас.

Шаруашылық сипаттамасы

Қошқарларының салмағы 130 кг-ға жетеді, ұрғашыларының - 80 кг, тоқтыларының - 55 кг. Бұл ерте жетілетін тұқым. Құнарлылығы жоғары - 100 ұрғашысына 155-160 қозыдан келеді. Етті көрсеткіштері орташа. Сою кезіндегі шығысы 46%. Жүн талшығының ұзындығы 9,0-11,5 см, қалыңдығы — 25 мкм дейін. Қошқарлардан жүн қырқылымы — 12-16 кг, ұрғашыларынан - 6,0-7,0 кг. Жуылған талшығының шығысы 55-58%. Тұқымның кемшілігі – жоғары температура мен ауа ылғалдылығына төзімді еместігі болып табылады.

Ұқсас тұқымдар

Батыс-сібір қойлары тұқымы (West Siberian breed)

кулундинская

кулундинская1

кулундинская2

Жүктелуде...
Біздің серіктестер