Мініс
Тұқымның атауыНью-форест
Тұқымның атауыМініс
БағытыЖылқылар
Жануардың түріЖабайы жылқылардың Канут патшаның кезінде (шамамен 995-1035 жж.) Англияның оңтүстігіндегі Нью-Форестті мекендегені белгілі. Дегенмен қазіргі заманғы нью-форест пониінің нақты шығу тегі белгісіз, бірақ өзінің ұзақ тарихында оған басқа тұқымдардың әсер еткені сөзсіз. ХVІІІ ғасырда мәртебелі жүлделі Эклипс айғырының әкесі таза қанды салт мінетін Мареки біраз уақыт нью-форест понилерінің биелеріне қызмет ету үшін пайдаланылды, ал ХІХ ғасырдың ортасында Виктория патшайымға тиесілі араб айғырына олардың табындарымен жүгіруге рұқсат етілді. Сондай-ақ хакнэ қаны да қосылды. Бөгде қандардың құйылуы пони көлемінің ұлғаюына әкелді, бірақ екінші жағынан, олар тұқымның мәнінің өзін жойып жібереміз деп қорқытты, сондықтан жағдайды түзету үшін басқа жергілікті тұқымдардың, қоса алғанда далес, дартмур, эксмур, фелл, хайландер және кейінірек уэльс тау жылқыларының айғырларымен будандастыру жүргізілген болатын. Қазіргі заманғы нью-форест пониі, көптеген эксмурлар мен уэльс тау жылқылары сияқты, өз туған жерлерінде еркін күтіп ұсталады. Бұл өлкелерде тіршілік ету оңай емес, ал тамағы көбінесе мардымсыз және сапасыз. Бірақ қатал жағдайлар осы мықты жануарларды тек шынықтырады.
Дене құрылысы: басы пониге қарағанда жылқыға тән біршама үлкендеу; мойны қысқа; топшысы қиғаш; көкірегі терең; арқасы мықты; сауыры күшті; қаңқа сүйегі мықты аяқтары салыстырмалы түрде қысқа; тұяқтары қатты. Түсі аладан, жолбарыс тәрізді және көк көзді паломинодан басқа кез келген түс. Тұмсығы мен аяқтарында ақ белгілерге рұқсат етілген; басында белгілері бар, артқы аяқтың шабатын буыны мен алдыңғы аяқтың тұсарының үстінде ақау болып саналады. Шоқтығындағы биіктігі 122 см-ден 145 см-ге дейін. Көрмелерде жануарлар әдетте екі секцияға бөлінеді: А (138 см-ден төмен) бойына және В (138 см-ден жоғары).
Қазіргі уақытта нью-форест, эксмур және уэльс тау понилері сияқты, жабайы табиғатта еркін өмір сүреді. Бұл өлкенің климаты мен табиғаты бұл жануарларды өте төзімді етті. Олардың қимылдары еркін, белсенді және айқын, ал туа біткен ақылы мен көнгіш мінезі оңай үйренуге мүмкіндік береді. Олар елдің спорт мектептерінде танымал. Бастықтыруда, конкурда, ер тоқым үстінде ойнағанда, ат шоуларында, сондай-ақ жеккенде тамаша нәтижелер көрсетеді.