Құстар
Жануардың түріЕтті-жұмыртқалы
БағытыҚарапайым қырғауыл
Тұқымның атауыКәдімгі қырғауыл – бір кездері аңшылар ормандарда аулау үшін шыққан құс. Кейінірек құс патша аулаларын безендіріп, үстелге құнды ет жеткізу үшін қолға үйретілді. Бұл тұқымның отаны – Кавказ, олар сонымен қатар Түркіменстан мен Қырғызстанда да мекендеген. Бүгінгі таңда бұл тұқымды фермерлер етке өсіру үшін белсенді түрде таңдайды.
Сыртқы түрі бойынша құс қарапайым тауықтарға ұқсайды. Бірақ сонымен қатар айқын айырмашылықтары да бар – біріншіден, ұштарына қарай жіңішкеретін ұзын құйрық қауырсындары. Екіншіден, көзінің жанында қызыл терісінің болуы – бет «маскасы». Қырғауылдардың еркектері әрқашан ұрғашыларына қарағанда жарқын көрінеді. Еркек құстардың күміс-сұр қауырсындарының көз қызықтыратын көптеген реңктері бар – сары, қызғылт сары, күлгін, өткір жасыл. Мойны мен басында көгілдір қауырсындары бар. Ұлғашы құстардың қауырсынында тек үш негізгі түс бар – сұр, қара және ашық қоңыр. Еркек құстардың аяқтары тепкі тырнақтармен жабдықталған. Еркек құстардың құйрығының ұзындығы 55 см, аналықтарының құйрығы 30 см-ге жетеді. Еркек құстың салмағы – 1,8-2 кг, ұрғашы құстардың салмағы – 1,5 кг-ға дейін. Денесінің ұзындығы – сәйкесінше 80 және 60 см.
Шағылысу кезеңінде ұғашы құс 50 жұмыртқаға жуық салады. Күніне-1-2 данадан. Әдетте жұмыртқа салу сәуірден маусымның ортасына дейін созылады. Дәл осы тұқым аңшылық шаруашылықтарында басқаларға қарағанда кең таралған. Табиғатта құс жидектер мен жәндіктерді жейді. Жасанды азықтандырып асырау кезінде олар тағам талғамайды. Кез келген қырғауыл тұқымында сияқты асыраудың негізгі шарты – үлкен жабық қоршаудың болуы. Қырғауылдар аязға жақсы төзеді, бірақ өтпек желдерге төзе бермейді. Құстарды жұппен ұстайды. Еденді үгінділерден немесе сабаннан жасалған төсенішпен жабу керек.
Аңшылық қырғауыл (Hunting pheasant)