Жегін
БағытыОрлов желісті
Тұқымның атауыЖылқылар
Жануардың түріОрлов желіс жылқысы немесе орловск желісті аты – бұл әлемде теңдесі жоқ, жүрдек желіске текті қабілеті бар жеңіл жегілетін жылқылардың тұқымы. Ол Ресейде, Хреновск жылқы зауытында (Воронеж губерниясы), иесі граф А.Г. Орловтың басшылығымен XVIII ғасырдың екінші жартысында — XIX ғасырдың басында араб, дат, голланд, Мекленбург, фриз және басқа тұқымдарды қолдана отырып күрделі будандастыру әдісімен өсірілді. Орлов желісті жылқысы өз атын өзінің жасап шығарушысы — Граф Алексей Орлов-Чесменскийдің (1737-1808) тегі бойынша алды. Жылқылардың білгірі бола отырып, граф Орлов Еуропа мен Азияға саяхаттарында әртүрлі тұқымды құнды жылқыларды сатып алып отырды. Олар әсіресе, ғасырлар бойы сыртқы және ішкі қасиеттерін жақсарту мақсатында көптеген еуропалық жылқы тұқымдарымен будандастырылған араб жылқыларын бағалады. Орлов желісті жылқысының пайда болу тарихы 1776 жылы Граф Орлов Ресейге ең құнды және өте әдемі Араб айғыры Сметанканы әкелген кезде басталды. Ол Түркиямен соғыста жеңіске жеткеннен кейін түрік сұлтанынан үлкен сомаға – 60 мың күміске сатып алынды және құрлық арқылы Ресейге әскери күзетпен жіберілді. Сметанка тұқымы үшін ерекше үлкен және өте келісті айғыр болды, ол өзінің лақап атын қаймақ сияқты ақшыл сұр түстес болғагдықтан алды. Граф Орловтың идеясына сәйкес, жылқылардың жаңа тұқымы келесі қасиеттерге ие болуы керек еді: ірі, келісті, бітімі үйлесімді, мінуге, арбаға және соқаға жегуге ыңғайлы, шеруде де, шайқаста да жақсы. Олар Ресейдің қатал климатына төзімді және ұзақ қашықтыққа және нашар жолдарға шыдауға тиіс болуы керек еді. Бірақ бұл жылқыларға қойылатын басты талап сергек, қатты желіспен шабу болды, өйткені желе жортып келе жатқан жылқы ұзақ уақыт бойы шаршамайды және арбаны аз шайқайды. Сол күндері қатты желе жортатын жылқылар өте аз болды және олар өте қымбат бағаланды. Тұрақты, жеңіл желе-жортатын жеке тұқымдар мүлдем болған жоқ. 1808 жылы Орлов қайтыс болғаннан кейін, Хреновский зауыты графтың басыбайлы шаруасы В.И. Шишкиннің басқаруына берілді. Туғаннан бастап дарынды жылқы өсіруші бола отырып және Орловтың жаттықтыру әдістерін бақылай жүріп, Шишкин өзінің қожайыны бастаған жаңа тұқымды өсіру ісін сәтті жалғастырды, ол енді қажетті қасиеттерді — пішінінің сұлулығын, қимыл-қозғалысының жеңілдігі мен әсемдігін және жүрдек, тұрақты желісін нығайтуды талап етті. Орловтың да, Шишкиннің де тұсындағы барлық жылқыларды үш жасынан бастап Остров – Мәскеу бағыты бойынша 18 шақырымға (шамамен 19,2 км) жортақтатып ептілік сынақтарынан өткізді. Жазда жылқылар орыстың доғасы бар жеңіл арбаларына, қыста шанаға көсем жегілген. Граф Орлов сол кезде әйгілі болған «Мәскеу шабыстарын» бастады, ол тез арада мәскеуліктер үшін үлкен ойын-сауыққа айналды. Жазда Мәскеу шабыстары Дон алаңында, қыста Мәскеу өзенінің мұзында өтті. Жылқылар анық, сенімді желіспен шабуы керек болды, ат шоқыраққа көшіп кетсе (сәтсіздік) көрермендер күліп, наразылық білдіре бастаған. Орлов желісті жылқыларының арқасында Ресейде, содан кейін 1850-1860 жылдардан бастап белсенді түрде шығарылған Еуропада желгір аттар спорты пайда болды. 1870 жылдарға дейін Орлов желісті жылқылары жеңіл жегілетін тұқымдардың ішіндегі ең үздігі болды, Ресейдің жылқы қорын жақсарту үшін кеңінен қолданылды және Батыс Еуропа мен АҚШ елдеріне импортталды. Тұқым тұрақты желіспен шаба отырып, ауыр арбаны тарта алатын, жұмыс кезінде ыстық мен суыққа оңай төзетін ірі, әдемі, төзімді жеңіл жегін жылқының қасиеттерін біріктірді. Халық арасында Орлов желісті жылқысы «суды да кешеді, жауға да шабады» сипаттамасына ие болды. Орлов желісті жылқылары халықаралық жарыстар мен Дүниежүзілік ат көрмелерінің сүйіктісіне айналды.
Орлов желісті жылқылары ірі жылқылардың қатарына жатады. Шоқтығына дейінгі биіктігі 157-170 см, орташа салмағы 500-550 кг. Қазіргі Орлов желісті жылқысы – дене бітімі келіскен жегін ат, басы үлкен, тықыр, мойны ұзын, аққу мойынды әдемі иілген, арқасы мықты, бұлшықетті және аяқтары шойындай. Ең көп таралған түстері: сұр, ашық сұр, жирен-сұр, дақтары бар сұр және қою сұр. Торы, қара түстері жиі, жирен және бурыл түстері сирек кездеседі. Өте сирек кездесетін түстері - құласұр (қара немесе қою қоңыр құйрығы мен жалы бар жирен түсті) және аққұла (аққұба құйрығы мен жалы бар сарғыш түсті), бірақ олар да кездеседі.
Орлов желісті жылқысы – әлемде теңдесі жоқ ерекше тұқым. Желгір аттар жарысынан басқа, үлкен және сымбатты Орлов желісті жылқысын а спортының барлық түрлерінде — жылқы үйретуде, конкурда, драйвингте және жай ғана әуесқойлық салт мініп жүруде сәтті қолдануға болады. Бұған өзінің шабандозы Александра Кореловамен бірге бірнеше рет Ресейде және одан тыс жерлерде әртүрлі ресми және коммерциялық ат жарыстарының талай рет жеңімпазы болған ашық сұр түсті айғыр Балагур жақсы мысал бола алады. Корелова мен Балагур Халықаралық ат спорты федерациясының алғашқы елуінші рейтингінен орын ала отырып, ұзақ уақыт бойы Ресейде бірінші орынға ие болып отырған және 2004 жылы Афины Олимпиадасында барлық ресейлік шабандоздар арасынан ең жақсы 25-ші орынға ие болды.
Жегілетін сыған тұқымы (Тинкер) (ирландиялық коб) (Tinker). Латвиялық жегін ат (Latvian harness).