Күзен
Жануардың түріПаламино
Тұқымның атауыБағалы терілі
БағытыБұрын бұл түр еуропалық қаракүзеннің ең жақын туысы болып саналды, бірақ еуропалық түрдің соңғы зерттеулеріне сәйкес, ол сарыкүзенге жақынырақ, ал американдық түр сусар тұқымына жақын болуы мүмкін. Таралу аймағы: Солтүстік Американың көп бөлігі. 30-шы жылдардан бастап американдық қаракүзен КСРО-ның бірнеше аймағында (Кавказ, Сібір, Камчатка және Приморье) қоныстанды. Кейінірек жануарлар фермасынан қашып шыққан хайуандар Англияда, Скандинавия түбегінде және Германияда тұрақты популяциялар құрды.
Дене пішіні мен сыртқы түрі бойынша американдық қаракүзен еуропалыққа өте ұқсас келеді. Оның тұлғасы ұзын сымбатты, аяқтары қысқа. Жүзу торсылдақтары нашар жетілген. Көздері кішкентай, құлақтары қысқа. Құйрығы ұзын, денесінің толық ұзындығының шамамен 30%-ын құрайды. Бас сүйегі еуропалық түрлерге қарағанда едәуір үлкен. Жүні жұмсақ және жылтыр. Түсі: негізгі түсі қоңыр немесе қаралау, төменгі ерінде ақ дақ бар. Төсі мен бауырында ақ дақтары болуы мүмкін. Өлшемі: денесінің ұзындығы 50 см-ге дейін, құйрығы 22 см-ге дейін. Салмағы: еркек жануарлардікі – 1,68-2,31 кг, ұрғашыларінікі – 0,79-1,2 кг.
Өмір сүру ұзақтығы 10 жылға дейін. Көп некелі жануар: көбею кезеңінде еркек жануар бірнеше аналықпен жұптаса алады. Ұрғашы да бірнеше еркекпен жұптаса алады. Көбею кезеңі: ақпан-наурыз. Жыныстық жетілуі: 10-12 ай. Жүктілік кезеңі шамамен 50 күнге созылады. Ұрпақ әкелуі: аналық 1 – 10 (орта есеппен 4) соқыр және іс жүзінде жалаңаш күшік туады. Жаңа туған күшіктердің салмағы шамамен 6 гр. 5-6 апталық кезінде күшіктердің денесін қызыл-қоңыр жүн жабады. Көздері 37-ші күнге дейін ашылады, ал сүтею кезеңі 8-9 аптаға дейін созылады. Бұл жаста жас қаракүзендердің салмағы шамамен 350 г құрайды. Жаздың аяғында жас күшіктер толығымен тәуелсіз болып, енесінен ажырайды.
Джет (Қара кәріптас) (Jet), Американдық (American mink breed)