Құстар
Жануардың түріСәндік
БағытыПоляк тауықтары
Тұқымның атауыАйқын атауына қарамастан, бұл құстар Польшадан шыққан жоқ. Олардың шыққан жері Азия болып табылады. XII-XIII ғасырда моңғол көшпенділері тауықтарды қазіргі Польшаға әкелді. Кем дегенде, бұл қазіргі уақытта белгілі ақпарат, ал олардың шығу тарихы айтарлықтай жұмбақ. Қалай болғанда да, Ватиканда Поляк тауығын бейнелейтін мүсін бар, бірақ бұл тұқымның қайдан және қанша уақыт бұрын пайда болғаны әлі күнге дейін пікірталас тақырыбы болып қалып отыр.
Поляк тауықтары тұқымының айрықша ерекшелігі – бас сүйегінің конус тәрізді пішіні салдарынан пайда болған керемет айдары. Үлпілдек қауырсындардың арасында көрінбейтін дерлік V-тәрізді айдары қабағы түйілген сияқты алға шығып тұрады. Сырғаларының көлемдері алуан түрлі – олар өте айқын немесе көрінбейтін болуы мүмкін. Қауырсындарының түсі де түрленеді, сонымен бірге ақ және қара бояулары басым, көбінесе әсерлі өрнекті жиектері болады. Тағы бір тұрақсыз сипаттамасы, құйрығы үлкен немесе айтарлықтай шағын болуы мүмкін. Әтештерінің салмағы 2,6 кг-ға жетеді, тауықтары тек 2 кг дейін ғана өседі.
Мейірімді және сабырлы құстар өздерін жабық жайда керемет сезінеді. Олар мүлдем агрессивті емес, тіпті басқа тұқымдармен бірге орналасқанда да, ешбір қарсылықсыз cатының ең төменгі жағында өз орнын алады. Көнгіш мінезі –олардың көрме құстары ретінде танымал болуының маңызды себептерінің бірі. Поляк тауықтарын күтіп ұстау қиын емес және көрме құстарын өсіру кезінде кейбір сақтық шараларын қоспағанда, ерекше назар аударуды қажет етпейді. Бұл жағдайда жайлы тауық қорасын жабдықтап, құрғақ төсемемен қамтамасыз ету керек. Басындағы cәнді қауырсындануының айналаны шолуға қатты кедергі келтіретінін ескеру керек, сондықтан тауықтар анық көрмейді. Жұмыртқалағыштығы әдетте жылына 120 данадан аспайды.
Шабо, Орыс ақ тауығы, Египет Файоуми тауығы (Egyptian Faioumi)