Құстар
Жануардың түріЕтті-жұмыртқалы
БағытыПушкин тауықтары
Тұқымның атауыТұқымды 1970 жылдардың ортасынан бастап Ленинград облысы, Пушкин қаласында орналасқан Генетика және ауыл шаруашылығы жануарларын дамыту институты жасаған. Оны жасау үшін, атап айтқанда, Австралорптар, Леггорндар және Мәскеу ақ тауығын пайдаланды. 2008 жылы тұқым бекітіліп, Пушкин жолақты-шұбар тауығы атауын алды.
Тамаша жұмыртқалайтын тауықтарға тән, аяқтары кең қойылған және денесі терең, күшті, мықты құстар. Әтештерінің шағын сопақтау басын күлгін қызыл айдары, ашық қызыл түсті үлкен сырғалары мен ақ сырғалықтары безендіреді. Құлпырған айдары бар ұзын мойны кең арқасының көлденең сызығына баяу ауысады, ол тігінен қондырылған, сәнді құйрығымен аяқталады. Тауықтарының түсі қара-шұбар, әтештері шамалы қара дақтары бар ақшыл түсті. Әтешінің салмағы орташа ауыр, 2,1-3,5 кг. Тауығының салмағы орташа ауыр, 2,1-3,5 кг.
Құстар қарапайым, ауруларға және суыққа төзімді. Тауық қорасын жылыту, барлық саңылауларды өтпе желдерден тығындау қажет, сонда оны қыста жылытпауға болады. Жапырақ тәрізді айдары бар әтештерді аяздарда үсіп қалмауы үшін далаға шығармайды. Пушкин тауықтары жем-шөпті жақсы жейді, оларға үлкен жайылым беру керек, сонда олар иесіне жемнің бір бөлігін үнемдейді. Жақсы жұмыртақалайтын тауықтары жоғары өнімділікті қолдау үшін ақуыздың, кальций мен дәрумендердің жеткілікті мөлшері бар толық рационды талап етеді. Жұмыртқалағыштығы жоғары, жылына 200-250 дана. Жұмыртқаларының көлемі үлкен, 60 гр асады. Жұмыртқа салудың басталуы жылдам 4-5 ай.
Плимутрок (Plymouth Rock). Амрокс (Amrox), Доминик (Dominic). Легбар (Legbar), Первомайская тауығы (Pervomaiskaya).