Жегін
БағытыРин жегіс
Тұқымның атауыЖылқылар
Жануардың түріРинеландерді батыс және шығыс Германияда әртүрлі атаулармен және әр түрлерде кездестіруге болады. Тұқым 19 ғасырдың екінші жартысында ауыл шаруашылық мақсаттары үшін шығарылған болатын, ал асыл тұқым кітабы 1876 жылы құрылды. Ринеландерді бельгиялық жегетін жылқыдан арден, клейдесдал, першерон және булон жылқысының қанын құю арқылы шығарды, нәтижесінде орасан күшке ие әдемі жылқы пайда болды. Оларды өсірудің басты шоғырланған орны Порыньдағы Викратх облыстық ат зауыты болды.
Ринеландердің биіктігі 160 см-ден 170 см-ге дейін. Түсі ашық жиреннен торыға дейін. Дене құрылысы: бұл басы кішкентай, бірақ әдемі, мойны мықты, әдемі иілген, мықты бұлшық етті жылқылар. Әдетте олардың шоқтығы төмен және арқасы қысқа, кең болады. Көкірегі өте кең және терең, ал сауыры ерекше бұлшық етті. Олардың аяқтары күшті, қысқа, тұяқтары өте қатты. Әдетте аяқтарында кішкентай шашалары болады.
Бұл Германияда өте танымал болған теңдессіз ауыл шаруашылық және жегетін жылқылар. Бұл жылқылардың сипаты теңдесіз - олар көнгіш, бірақ бұл ретте қажет болғанда белсенді және жігерлі.