Сүтті
БағытыСардиниялық
Тұқымның атауыҰҚМ
Жануардың түріСардиния қойлары тұқымы – Сардиния аралында пайда болған итальяндық тұқым, атауы осыдан шыққан. Ірі пішінді және тығырықтай ақ жүні бар жергілікті қойлардан шыққан. ХІХ ғасырдың аяғында және ХХ ғасырдың басында тұқымды Барбареска, Джентиле ди апулия, Виссана, Соправиссана, Рамбулье қойларымен және Мериностармен будандастыру жолымен жақсартуға тырысқаны байқалады. Бұл эксперименттер жануарлардың сүт өнімділігіне теріс әсер етті. Сардиния тұқымының асыл тұқымдық кітабы 1828 жылы құрылған болатын, әлемдегі Сардиния тұқымының жалпы саны — 5 млн жуық дарағы бар. Сардиния аралында және Италияның басқа облыстарында, сондай-ақ Жерорта теңізінің көптеген елдерінде, әсіресе Тунисте кең таралған.
Дене құрылысы ірі емес, аналықтары әрқашан мұқыл, қошқарларының мүйізділері кездеседі. Түсі ашық реңкті: жүні ақ сары түсті, тұмсығы мен аяқтары ақ түсті. Жүні ұзын, қатты.
Ересек қошқарларының орташа тірі салмағы - 59 кг, аналықтарынікі - 42 кг. Италияда ең жақсы сүтті қойлар тұқымы болып саналады, олардың сүті Пекорино Сардо ірімшігін өндіру үшін пайдаланылады. 180 күндік сауын мезгілінде 180 л сүт беруге қабілетті. Жүні кілемдер шығару үшін пайдаланылады.