Құстар
Жануардың түріЕтті-жұмыртқалы
БағытыКүміс қырғауыл
Тұқымның атауыКең тараған тұқым. Оның отаны – Қытай. Жұмыртқалағыштығының көрсеткіші жоғары және салмағы ауыр болғандықтан, Күміс қырғауылды ет үшін өсіру тиімді.
Денесі ашық сұр немесе ақ қауырсынмен жабылған, қара жолақтары бар. Жасыл реңкпен құбылып тұрады. Бетінде қызыл «маскасы» бар. Басы көкшіл қара кекілмен безендірілген. Арқасында ақ күләпарасы бар. Төменгі қауырсындары қара, арқасы мен қанаттарындағы қауырсындарының қара жиектемесі бар. Құс «күміс жалатылғандай» болып көрінеді. Құйрығындағы жоғарғы қауырсындары аппақ. Табандары қып-қызыл немесе қызғылт түсті. Еркек құстың ұзындығы - 125 см, оның ішінде 70 см-ді құйрығы құрайды, аналығы – 75 см, құйрығы - 30 см, еркек құстыңсалмағы – 5 кг-ға дейін, аналығынікі – шамамен 2-2,5 кг.
Құстар тез салмақ қосады. Күміс қырғауылдың иммунитеті күшті, сондықтан ол сирек ауырады. Еркектер көбею кезеңінде төбелескіштігімен ерекшеленеді. Бір маусымда салатын жұмыртқа мөлшері – 80-90 жұмыртқа. Ұяда 7-15 жұмыртқа болады. Тұқым Қазақстанның жағдайларына жақсы бейімделген. Ол -30°C днйінгі аязға жақсы төзеді, өйткені оның қалың қауырсыны бар. Өтпек желдерді ұнатпайды. Олар тауық пен қаздың жемін жақсы жейді. Құс күй талғамайды, оны питомниктерде асырау оңай.
Қазақстанда елорданың «Жасыл белдеуі» аумағында, Астана қаласының маңында қырғауыл шаруашылығы құрылды. Қырғауылдарды өсірумен «Астана орманы» ЖШС, «Астана Ветсервис» ШЖҚ МКК, «Алға» аңшылық шаруашылығы, «Hunt Travel» компаниясы айналысады.
Кәдімгі қырғауыл (Common pheasant), Аңшылық қырғауыл (Hunting pheasant), Жасыл қырғауыл (Green pheasant), Алтын қырғауыл (Chrysolophus pictus), Гауһыр қырғауыл (Амхрест ханым) (Chrysolophus amherstiae), Корольдік қырғауыл (Syrmaticus reevesi).