Шайр жылқысы (Shire)

Жегін Шайр Жылқылар

Жегін

Бағыты

Шайр

Тұқымның атауы

Жылқылар

Жануардың түрі
0  
Шайр жылқысы (Shire)
horse-poroda-Shire

Тарихы

Англияда өсірілген Шайр жылқысы римдіктер Тұманды Альбионды жаулап алғаннан бері өз тарихын жүргізіп келеді және тазалықта өсірілетін ең көне ауыр жүк жылқы тұқымдардың бірі болып табылады. Шайр тұқымының шығу тегі туралы шындық көптеген тұқымдардың тарихы сияқты ежелгі дәуірден бастау алады. Алайда, біздің дәуіріміздің І ғасырында римдік жаулап алушылар Ұлыбритания аралдарында сол кездегі ерекше ірі жылқыларды көргенде таң қалғаны белгілі. Ауыр жауынгерлік арбалар аттың бар шабысымен римдік легиондарға қарай жіберілді – мұндай айла-тәсілдерді жасауға тек өте үлкен және төзімді жылқылардың шамасы келеді. Анағұрлым жақын және анық тектестік ширден шайр жылқысы мен Англияға жаулап алушы Вильгельмнің (ХІ ғасыр) жауынгерлерімен бірге келген ортағасырлық «үлкен жылқы» (Great Horse) деп аталатын тұқым арасында байқалады. «Үлкен ат» салмағы ер-тоқыммен және толық қару-жарақтарымен бірге 200 кг-нан асып түсетін сауыт-сайманын асынған рыцарьды салт мінгізіп жүруге қабілетті болды. Мұндай ат тірі танк тәрізді болды. Шайрдың тағдыры Англия тарихымен тығыз байланысты. Ел Үкіметі жылқылардың өсімі мен санын көбейтуге үнемі ұмтылды. XVI ғасырда тіпті шоқтығының биіктігі 154 см-ден төмен жылқыларды өсіруге тыйым салатын, сондай-ақ жылқылардың кез-келген экспортының алдын алатын бірнеше Акті қабылданды. Қазіргі Шайр тұқымының аталық із бастаушысы – Пэкингтондық Соқыр жылқы атты (Packington Blind Horse) айғыр болды. Дәл сол шайрлардың алғашқы асыл тұқымды жылқылар кітабында Шайр тұқымының алғашқы жылқысы ретінде көрсетілген. Басқа ауыр жүк тартатын тұқымдар сияқты, тарихтың әртүрлі кезеңдерінде шайралар басқа тұқымдардың қанын араластару жолымен жетілдіріліп отырды, әсіресе Бельгиядан келген Солтүстік неміс флемиш жылқылары мен фландриялық жылқылар тұқымда ерекше із қалдырды. Жылқы өсіруші Роберт Бэйквилл ең жақсы голландиялық фриза жылқыларының қанын құю арқылы шайрға айтарлықтай әсер етті. Шайрлар жылқылардың жаңа тұқымын – Владимир ауыр жүк жылқыларын өсіруде де пайдаланылды.

Тұқым стандарты

Бұл тұқымның жылқылары бойының биіктігімен ерекшеленеді. Шайрлар өте үлкен: ересек айғырлардың шоқтығының биіктігі 162-ден 176 см-ге дейін барады. Биелер мен азбандардың бойлары сәл кішірек. Дегенмен, тұқымның ең жақсы өкілдерінің көпшілігінің шоқтығының биіктігі 185 см-ден асады, салмағы 800-1225 кг. Олардың бастары үлкен, маңдайы кең, көздері салыстырмалы түрде үлкен және алшақ орналасқан, кескіні сәл дөңестеу (римдік), орташа құлақтарының ұштары үшкір. Мойны қысқа, келіскен, иықтары бұлшықетті, арқасы қысқа, берік, сауыры жалпақ және ұзын, құйрығы биік, күшті аяқтарында білезік және тірсек буындарында қалың түктер – «фризалар» байқалады, тұяқтары үлкен және мықты. Түстері әдетте торы, қар-торы, қара, қарагер (қара-торы теңбіл) және сұр болады.

Шаруашылық сипаттамасы

Шайр тұқымының жылқылары сабырлы және байсалды мінезімен ерекшеленеді. Осының арқасында шайрлар көнгіш құлындарды өндіріп алу мақсатында басқа жылқылармен будандастыру үшін жиі қолданылады.

Бұл ғажайып атқа мінген шабандоз жұмсақ диван отырғандай өзін өте ыңғайлы сезінеді. Сонымен қатар, ауыр жүк жылқыларының көпшілігінің жүрістері өте жұмсақ. Бірақ мұндай сымбатты жануарды шоқыраққа салу, дәл солай, содан соң оны тоқтату да оңай емес. Бүгінде шайралардың «жауынгерлік өткен шағын» Ұлы Мәртебелі Королева сарайының атты әскерінің шерулерінде ғана еске алуға болады.

Ұқсас тұқымдар

Фриза жылқысы (Friesian horse).

Жүктелуде...
Біздің серіктестер