Шлезвинг жылқысы (Schleswiger)

Жегін Шлезвинг Жылқылар

Жегін

Бағыты

Шлезвинг

Тұқымның атауы

Жылқылар

Жануардың түрі
0  
Шлезвинг жылқысы (Schleswiger)
horse-poroda-Schleswiger

Тарихы

Мықты және шағын ауыр жүк тартатын Шлезвиг жылқысы Германияның солтүстік аймағындағы Даниямен шектесетін және әр түрлі тарихи дәуірлерде осы елдің бір бөлігін құраған Шлезвиг-Гольштейн мекенінен шыққан. Сондықтан Шлезвиг жылқысының тұқымдас болып келетін ютландиялық, даниялық ауыр тұқымға өте ұқсас екендігі таңқаларлық жайт емес. Шлезвиг тұқымы XIX ғасырдың екінші жартысында пайда болды. Ол – орта денелі ауыр жүк тартатын жылқы тұқымы. Күймеге жегілетін Йоркшир жылқысы мен асыл тұқымды жылқыларды қоса алғанда, анағұрлым жеңіл тұқымдардың қанын араластыру ғасырдың соңына дейін жалғасты, бірақ тым ұзаққа бармады. Шлезвиг тұқымы ат вагондары мен омнибустарды тартып, ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығында жұмыс істеді. Ол бірінші дүниежүзілік соғысынан аман қалды (ол кезде оның Отанын Дания басқарған), алайда жылқылардың саны мен сапасы қатты зардап шекті. Франциядан шыққан Бретон және Булон жылқыларымен кейінгі будандастырулар өте сәтті болды. Шлезвиг тұқымы қалпына келтіріліп, өніп-өсті, бірақ Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін олардың саны тағы азайып қалды. Осы уақыт ішінде механикаландырудың қайтымсыз ілгерілеуі жылқылар санының күрт төмендеуіне әкелді. Соңғы жылдары тірі қалған Шлезвиг жылқыларының кейбірі ірілендіру мақсатында ютланд жылқыларымен қайта будандастырылды.

Тұқым стандарты

Басы үлкен, өте қарапайым, көздері мейірімді; мойны қысқа, жақсы жетілген жотасы бар; иықтары өте мықты; тұрқы ұзын, төсі терең; сауыры бұлшықетті; аяқтары мықты, аяқ шашалары ұзын. Шоқтығының биіктігі 157-163 см, салмағы шамамен 800 кг. Түсі негізінен жирен, кейде торы және сұр түсті жылқылар кездеседі.

Шаруашылық сипаттамасы

Ауыл және орман шаруашылығында жұмыс істейді.

Ұқсас тұқымдар

Торий жылқысы (Торик) (Thorian).

Жүктелуде...
Біздің серіктестер