Балық
Жануардың түріТеңіз
БағытыКөптеген елдерде: Болгарияда, Германияда, Англияда, Түркияда, Францияда, АҚШ-та мекендейді. Ставридалар Тынық, Атлант және Үнді мұхиттарында мекендейді. Ресейде оны Балтық және Солтүстік теңіздерде аулайды. Ол Жапон және Жерорта теңіздерінде кездеседі. 2004 жылы Жерорта теңізінде 80 тонн ставрида ауланған болатын, бұл сан осы балықты аулау бойынша көрсеткіштер арасында рекордтық болды.
Ставрида балығы 300-400 граммға дейінгі салмақта 30-50 см ұзындыққа жетеді. Кейбір дарақтарының салмағы 1 кг артық болуы мүмкін. Ең үлкен ауланған дарағының салмағы 2 кг құрайды. Бірақ көбінесе аса ұсақ балықтар кездеседі. Ставриданың денесі ұршық тәрізді және созылған, ұсақ қабыршақпен жабылған. Ол өте жіңішке құйрық сабағымен және кеңінен айырланған құйрық жүзбеқанатымен аяқталады. Кертіктері бар сүйек тілімшелері бүйір сызығы бойында орналасқан, кейбір балықтардың кертіктері артқа қарай бағытталуы мүмкін. Олар балықты жыртқыштардан қорғайды. Сондай-ақ ставрида балығының 2 арқа жүзбеқанаты бар, құйрық астындағы жүзбеқанатында 2 үшкір сәулесі орналасқан.
Ставрида – жыртқыш балық, зоопланктонмен, шаяндармен және кішкентай балықтармен қоректенеді. 100 г ставридада орта есеппен 119 жуық ккал болады. Өсімталдығы 20 мың уылдырыққа дейін. Ставриданың тіршілік етуінің орташа ұзақтығы 9 жылға жуық болады. Ставрида – кәсіпшілік балық.