Мініс
Тұқымның атауыТимор пони
Тұқымның атауыМініс
БағытыЖылқылар
Жануардың түріТимор аралында көптеген жылқылар өмір сүреді, мүмкін кішкентай пони жұмыста таптырмас көмекші болғандықтан, мүмкін кең кең саванналарда мол, шырынды шөп өсетіндіктен болар. Алғашқы понилар Үндістаннан әкелінген, сондықтан олар моңғол пониінен шыққан болуы әбден мүмкін. Олардың аралда өмір сүруі және басқа тұқымдардан оқшаулануы алғашқы типтің сипаттамаларын сақтауға қызмет етті. XVI ғасырда португалдықтар, содан кейін голландтықтар жергілікті тұрғындарға жылқыларды ауылшаруашылық жұмыстарында, жегінде, жүк теңдеуде және салт мінуде пайдаланудың маңыздылығын түсіндірді. Бұл кішкентай пони Австралияның солтүстігінен Тимор теңізімен бөлінген аттас аралда тұрады. Бұл жергілікті экономиканың маңызды бөлігі және индонезиялық жылқылардың ішіндегі ең кішісі болып табылады. Көршілес Австралияға экспортталған алғашқы пони австралиялық пони тұқымының қалыптасуына шешуші ықпал көрсетті.
Түсі әдетте торы, қара торы, қылдары өте жіңішке баран. Бас кескіні түзу, пониға тән ерекшеліктері бар, құлақтары қысқа, танауы кең. Мойны қысқа, бірақ етті және негізі кең. Шоқтығы шығыңқы, арқасы сәл дөңес. Арқа-бел сызығы түзу және қысқа, іші терең, сауыры айтарлықтай көлбеу. Топшысы жұқа, бірақ күшті, шабыс буындары тік, жіліншігі жіңішке, сіңірлері жадау және серпімді. Тұяқтары кішкентай, бірақ тығыз. Бақау буындарының артқы жағында шашалары бар. Шоқтығының биіктігі: 92-122 см.
Бұл тұқымды жергілікті шопандар әлі күнге дейін жайылымдарда малмен жұмыс істеу үшін пайдаланады, оның американдық ковбойлардан айырмашылығы - қарапайым бұғалықты пайдаланады. Бұл пони кішкентай арбаларды тартады, ал теңде өте ауыр жүктерді де тасымалдайды: ағаш пен каучукты аралдың порттарына жеткізеді және шаруалар темекі мен кофе плантацияларында жұмыс істеуге қосады. Мықты төзімділігінен басқа, ол үлкен жылдамдыққа ие: бұл ұзақ қашықтықты шабуға қабілетті, туған аралының аптап ыстығында өзін еркін сезінетін, жақсы мініс аты.