Балық
Жануардың түріТеңіз
БағытыНәлім
Тұқымның атауыРесейде өнеркәсіптік тәсілмен нәлім балықтары тұқымдасына кіретін бірнеше тұқымды өндіреді: қиыр шығыстық минтай, сайда, тынық мұхиттық және атлант нәлімі, пикша, қиыр шығыстық және солтүстік навага, сайка және солтүстік путассу. Олардың барлығы тұзды суда мекендейді, тұщы су айдындарында ешқашан кездеспейді. Соңғыларында нәлім тұқымдастарының тек бір өкілі ғана - нәлім мекендейді. Негізгі ауланған нәлімдерді Норвегия, Ресей, Исландия, Канада, Дания және Ұлыбритания береді. Судың түбінде тіршілік ететіндіктен, оларды кемемен жүріп балық аулайтын торлардың көмегімен аулайды.
Нәлім – нәлім тұқымдас балықтардың басым өкілі. Бұл арқасы жасылдау-қоңырқай түсті, қоңыр секпілді және ақ құрсақты үйірлі теңіз балығының арқасында үш жүзбеқанаты және иегінде кішкентай қылқандары бар. Нәлімнің ұзындығы 1,8 м дейін жетуі мүмкін, бірақ балық аулаушылар негізінде ұзындығы 40-80 см (3-10 жасында) және массасы 300 г-нан 4 кг дейін болатын балықты өндіреді.
Нәлім В12 дәріменіне бай. Оның тығыз ақ еті сондай-ақ амин қышқылдарының толық жинағы бар құнды ақуызы үшін бағаланады. Нәлім температурасы төмен 1°С-тан және одан төмен суларда мекендеуге қабілетті. Жас нәлім ұсақ шаян тәрізділермен және моллюск ұлулармен қоректенеді, алайда үш жасына қарай ол жыртқышқа айналады да, басқа балықтармен – мойвамен, сайкамен, майшабақпен қоректенуді артығырақ көреді. Нәлім наурыз-сәуірде 500 мыңнан 60 миллионға дейін уылдырық қалдыра отырып, тереңдікте уылдырық шашады. Нәлім 20-25 жасқа дейін өмір сүреді.
Нәлім балығы