Балық
Жануардың түріТунец
Тұқымның атауыТеңіз
БағытыТунец кәсіпшілігі өнеркәсіптік масштабтарда XX ғасырдың ортасынан бастап белсенді дамып келеді. 1980-ші жылдары арнайыландырылған ірі тоннажды тунец аулайтын сейнерлер мен қабатты кемелердің жасалуы кәсіпшіліктің дамуына жаңа түрткі берді.
Тунец балығының құйрығы мен тұмсығына қарай тарылатын, өзіне тән сопақша денесі бар. Бұл балықтардың басы ірі, конус тәрізді, бүйірлерінде орналасқан, екі үлкен көзі бар. Аузындағы тістері бір қатарға орналасқан. Олар үлкен емес, бірақ үшкір. Арқасында екі ірі жүзбеқанаты орналасқан, оның біреуі сопақша және ойыс, екіншісі – орақ тәрізді. Соңғысынан құйрығына қарай 9-12 ұсақ жүзбеқанаттан тұратын қатар кетеді. Құйрығының аса назар аударарлық пішіні бар – ол жарты айды еске салады. Тунецтің арқасында – күңгірт реңк бар, құрсағы – ақшыл және күміс тәрізді, бұл пелагия балықтарының стандартты реңкі.
Тунецтің салмағы да, көлемі де тікелей түріне байланысты болады. Кейбір түрлерінде денесінің ұзындығы 0,5-4,6 м ауқымда ауытқуы мүмкін, ұзындығы тек 50 см-ге жететіндері де бар. Жеке түрлерінің салмағы 600 кг дейін болады (абсолюттік максимум – салмағы 680 кг тунец). Шағын түрлері 1,8 кг-нан аспайды. Көлемдері бойынша көгілдір түрі көшбасшы болып танылған, бірақ соңғы уақытта және осы түрдің арасында аса ірі дарақтары сирек кездеседі. Бұрын бұл балық 100-160 кг жеткен, қазір орташа салмағы 45 кг құрайды.
Ірі дарақтары 10 млн жуық уылдырықты (көлемі 1,0-1,1см) жарыққа шығарады. Май тамшысы бар әрбір уылдырықтан біраз уақыт өткен соң бойы 1-1,5 см личинка жарып шығады. Барлық личинкалар судың бетінде шағын топтарға топтанады. Тіршілік ету мерзімі түріне байланысты болады – оның өкілдері неғұрлым көлемдірек болса, соғұрлым ұзағырақ тіршілік етеді. Ұзақ тіршілік етушілер тізімінде кәдімгі тунец бар 35–50 жыл, австралиялық тунец 20–40 жыл және тынық мұхиттық көгілдір тунец 15–26 жыл. Бұл әлемде ең аз кідіретіні – сары желбезекті 5–9 жыл және макрельді тунец 5 жыл.
Тунец кәсіпшілігі консерві өнеркәсібі мен аспаздық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған. Қазіргі уақытта тунец ең сүйікті және талап етілетін теңіз деликатестерінің бірі болды. Бұл балықтың тағамға шикі, қуырылған және консервіленген түрінде қолданылатын еті нәзік дәмі, бөтен иістердің мүлде болмауы, ақуыздың жоғары құрамы және пайдалы қасиеттерінің үлкен спектрі үшін бағаланады. Құртшабақтарды уылдырықтан шығарады және олардың денелері 5-6 сантиметрге жеткенше, жасанды резервуарда өсіреді. Сонан соң өсуіне байланысты құрама жемдерден майшабақ немесе ставрида сияқты тірі балықпен қоректендіруге ауыстыра отырып, оларды өсіретін теңіз бағына орналастырады.