Жегін
БағытыЯва пони
Тұқымның атауыЖылқылар
Жануардың түріЯва пониінің отаны – Индонезия, атап айтқанда Ява аралы. Бұл тұқымның басқа атаулары – ява пони немесе кумиган. Ол бәлкім XVII ғасырда өсірілген. Жалпы, жылқылар архипелагқа Үндістан мен Қытайдан келді, содан кейін оларды XVI ғасырдың аяғында осында фабрикалар құра бастаған голландиялық және португалдық колонизаторлар әкелді. Шығыс қанын араластыру арқылы көптеген индонезиялық тұқымдарды өсіруді бастаған голландиялық вестиндік компания болды. Жылқылар көсем жегіліп жұмыс істеу және әртүрлі жүктерді тасымалдау үшін пайдаланылды. Жергілікті тұқымдарды қоныс аударушылар араб және барбериялық жылқыларымен будандастырды, соның нәтижесінде Ява пониі пайда болды.
Ява понидің бойының биіктігі 125 см-ге жетеді. Оның ұзын құлақтары мен әдемі көздері бар басы сымбатты көрінеді, мойны қысқа және аса бұлшықетті, сауыры кең. Кумигандардың иықтары қиғаш, кеуде қуысы терең, сауыры сәл көлбеулеу, арқасы ұзын. Бұл понилердің құйрығы жоғары орналасқан. Аяқтары күшті, бірақ өте келісті, қатты, күшті тұяқтары бар. Жалпы, ява пониінің сыр бітімі араб ата-тегінің түріне онша ұқсамайды. Кумиганның дене бітімі жеңіл, бұл жеткіліксіз тамақтанудың нәтижесі болуы мүмкін. Ява пониінің түсі кез-келген болуы мүмкін.
Ява пони ыстыққа шыдамды, өте төзімді келеді. Дене тұрқының кішкентайлығына қарамастан, кумиган ұзақ және көп жұмыс істей алады. Ява понидің маңызды ісі – Ява ат таксиіне көсем жегілу. Бұл кішкентай жануарлар адамдар мен тауарларды кедергісіз тасымалдап жүреді. Олар керемет теңдеп жүк артылатын жануарлар болып саналады, сонымен қатар салт мінуге де жақсы жарайды. Ява понидің мінезі өте жақсы, ол сабырлы және көнгіш жануар.