Залавади
Тұқымның атауыҰҚМ
Жануардың түріЕтті-сүтті
БағытыЗалавади ешкісі – Үндістанның Гуджарат штатының Сурандранагар, Раджкоты аймақтарынан шыққан үй ешкілерінің тұқымы. Залавади ешкісі – Гуджараттағы текенің негізгі тұқымдарының бірі, сонымен қатар Tara Bakari деген жергілікті атымен танымал. Тұқым өз атауын Залавад Катиавад провинциясынан алған болуы мүмкін. Бұл аймақ қазір Гуджарат штатындағы Сурандранагара Саураштра ауданы ретінде белгілі.
Залавади ешкісі – орташа және үлкен жануар. Олардың аяқтары ұзын және тік мүйіздері бар. Шын мәнінде, текелердің де, ешкілердің де жоғары және артқа бағытталған, ұштары үшкір келіп сүйірленген, ширатылған мүйіздері бар. Залавади ешкісінің жүні негізінен қара түсті, жылтыр, ұзын, жарқыраған қылдары бар. Кейбір ешкілерде ақ-қара аралас тондары бар. Олардың беті сәл көтеріңкі, құлақтары ұзын, жапырақ тәрізді және салбыр, үнемі ақ теңбіл түсті. Залавади ешкісінің құлағы өте жалпақ, болбыр және жапырақ тәрізді болғаны соншалық, шопандар дәстүрлі түрде құлақтарын кесіп тастайды, кейде жайылым кезінде тікенді бұталардан жарақат алмауы үшін, құлақтарын жыртып жібереді. Залавади тұқымының желіні үлкен және жақсы жетілген, ұзын конус тәрізді емізіктері бар.
Ересек Залавади текесінің орташа салмағы шамамен 39 кг, ал ешкінің орташа салмағы — 33 кг. Залавади ешкісі — ет пен сүтті бірдей өндіруге жарамды көп мақсатты тұқым. Сондай-ақ талшық өндіру үшін жақсы қолданылады. Залавади тұқымының ешкілері жақсы сүт өндірушілер. Орта есеппен алғанда, ешкілер күн сайын шамамен 1,5-2 кг сүт береді. Оларды өсіру жағдайларына байланысты сүт өндірісі өзгеруі мүмкін. Кейбір ешкілер 5 айлық сүтею кезеңінде немесе қарапайым ауыл жағдайына 150 күн бойы шамамен 154 кг сүт шығарады. Егіздердің туу коэффициенті 55% және үшемдікі 2% құрайды.
Барбари (Barbary), Валлий қарамойын ешкі тұқымы (Valais Blackneck).