26 Наурыз, 2024 Жаңалықтар
0  

Фермерлер тыңайтқышты бөліп төлеу арқылы ала алады

Посевная 2024 Удобрения Растениеводство
Фермерлер тыңайтқышты бөліп төлеу арқылы ала алады

Ағымдағы аграрлық маусымда Қазақстанда шамамен 1,5 млн тонна тыңайтқыш енгізу жоспарлануда, бұл ғылыми қажеттіліктің 46% құрайды. Тыңайтқыштарды қолдануды арттыру үшін мемлекет қосымша ынталандыру шараларын қабылдады. Бұл туралы үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров хабарлады.

"Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін бүгінгі күні отандық тыңайтқыштарды аванстық субсидиялау көзделген, онда субсидияларды отандық өндіруші зауыттар тікелей алатын болады. Бұл субсидиялаудың мүлдем жаңа тетігі, онда аграрлар алдын ала арзандатылған тыңайтқыштармен қамтамасыз етілетін болады", - деді Айдарбек Сапаров.

Ол сондай-ақ аграрлардың ағымдағы қаржылық жағдайын ескере отырып, қазіргі уақытта зауыттармен әкімдіктердің кепілдігімен тыңайтқыштарды бөліп-бөліп беру мәселесі пысықталып жатқанын атап өтті.

АШМ деректері бойынша бүгінгі таңда аграрларға 147,5 мың тонна тыңайтқыш жөнелтілді, сондай-ақ 173,4 мың тоннаға шарттар жасалды.

"Бұл бағыттағы белсенді жұмыс тек Солтүстік Қазақстан (73,9 мың тонна) және Қызылорда (52,8 мың тонна) облыстарында жүргізілуде. Осыған байланысты, облыс әкімдіктері бұл мәселені бақылауға алып, фермерлерді тыңайтқышпен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жеделдету қажет", - деп атап өтті АШМ басшысы.

Минералды тыңайтқыштарды субсидиялау бағдарламасына биыл жергілікті бюджеттерде 34,3 млрд теңге, сондай-ақ пестицидтерді субсидиялауға - 33,8 млрд теңге қарастырылған.

Узнавайте первыми самые свежие новости агробизнеса Казахстана на нашей странице в , подписывайтесь на нас в или на нашу рассылку.

Соңғылары

Сату
09 Қыр 2026
РО
Роман
-
Ересек етті табын ІҚМ Продам быков с откорма
ІҚМ Абердин-ангус Әулиекөл
от 6 бас
Келісуге болады
Сату
31 Там 2026
ТОО "Карабалыкская СХОС"
ТОО "Карабалыкская СХОС"
-
Дәнді-бұршақ дақылдардың тұқымдары ТОО "Карабалыкская СХОС" реализует семена мягкой озимой пшеницы, 170 000 тг/тонна
Күздік бидай Бидай Жұмсақ бидай
78 тонна Алып кету, FCA
ҚҚС-пен теңге
тонна
170 000 тг
Сату
25 Там 2026
ТА
Татьяна
Хромтау
Ересек сүтті табын ІҚМ Продам 2 коровы
Етті-сүтті Сүтті ІҚМ 100+ Whatsapp
Етті-сүтті Сүтті ІҚМ 100+ Whatsapp
Келісуге болады
Сатып алу
25 Там 2026
ЖА
Жұмабеков Айбатыр
-
ІҚМ, асыл тұқымды мал КРС, племенной скот
Әулиеата тұқымы
Келісуге болады
Сату
13 Там 2026
КУ
Куаныш
Петропавловск, Казахстан
Ересек етті табын ІҚМ Продам быков живым весом
ІҚМ Симментал тұқымы 100+
ІҚМ Симментал тұқымы 100+
ҚҚС-пен теңге
бас
2 500 тг
Біздің серіктестер