18 Мамыр, 2023 Жаңалықтар
0  

Қазақстан JD.com платформасында ұлттық павильон ашты

Китай Касым-Жомарт Токаев Экспорт
Қазақстан JD.com платформасында ұлттық павильон ашты
Фотосуретті түсірген: Ақорда

Қазақстан Қытаймен сауда жасау үшін логистикалық мүмкіндіктерді кеңейтуде. Бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Сиань қаласының құрғақ портында Қазақстанның логистикалық орталығының құрылысы басталды, сондай-ақ Қытай JDсom платформасында қазақстандық ұлттық павильон ашылды. Бұл туралы Акорда баспасөз қызметі хабарлады.

Ұлттық павильонның ашылуында ҚР Президенті интернет-кеңістік арқылы бизнесті ілгерілету әлемдік экономиканың маңызды бағытына айналғанын атап өтті. Бүгінгі таңда электрондық сауда нарығының көлемі 3,5 трлн-ға жетті және бұл көрсеткіш жыл сайын артып келеді.

"Бүгін әлемдегі ең ірі электрондық платформада Қазақстанның Ұлттық павильоны ашылады. Бұл қадам екі елдің өзара іс-қимылын жандандырады. Өткен жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 31 млрддолларға жетті, алайда біз бұл сандармен шектелмей, электрондық коммерция саласындағы әріптестікті одан әрі дамытатын боламыз, бұл бізге жақын арада өзара тауар айналымын 40 млрддолларға дейін арттыруға мүмкіндік береді. "Цифрлық Жібек жолы" бастамасы бұған ықпал етуге бағытталған, - деді мемлекет басшысы.

JD.сом (Jingdong Mall) - 1998 жылы құрылған Қытайдағы тауарлар мен қызметтерді сатуға арналған ең үлкен онлайн платформа. Онлайн-сатушы алаңының пайдаланушылары 400 млн-нан астам адам болып табылады. 2022 жылы JD.com таза табысы 1 трлн юаньды құрады, бұл оған қытайлық электронды сайттар арасында бірінші орынға шығуға мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта платформада әлемнің 40-тан астам елінің ұлттық павильондары жұмыс істейді, оның ішінде бірқатар қазақстандық тауарларды ұлттық павильоннан сатып алуға болады. Бұдан басқа, Қытай нарығына экспорттық әлеуеті жоғары тамақ өнімдерін (күнбағыс майы, кондитерлік өнімдер, сусындар) шығаратын 15 отандық өндірушіні жеткізу жоспарлануда

Сондай-ақ бүгін Сиань қаласының құрғақ портында Қазақстанның логистикалық орталығының құрылысын іске қосу рәсімі өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, соңғы 15 жылда Қазақстан көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамытуға 35 млрд доллар инвестиция салды, Ляньюньган портында қазақ-қытай логистикалық орталығы құрылды, "Қорғас – Шығыс қақпасы" құрғақ порты жұмысын бастады. Каспий теңізінде заманауи инфрақұрылым құрылды.

"Өткен жылы екі ел арасында теміржол арқылы 23 млн тонна жүк тасымалданды. Бұл теңдессіз көрсеткіш. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында жүктердің транзиті 35% - ға артып, 7 млн тоннадан асты. Біздің ынтымақтастығымыз мұнымен шектелмейді. Тасымалдауды одан әрі дамыту үшін қосымша инфрақұрылым қажет. Сондықтан көрсеткіш. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында жүктердің транзиті 35% - ға артып, 7 млн тоннадан асты. Біздің ынтымақтастығымыз мұнымен шектелмейді. Тасымалдауды одан әрі дамыту үшін қосымша инфрақұрылым қажет. Сондықтан қытайлық әріптестерімізбен бірге Сиань құрғақ портында логистикалық орталық салуды шештік. Бұл хаб Шэньси аймағын Қазақстанмен, Орталық Азиямен байланыстырады. Әрі қарай ол Еуропаға, Түркияға және Иранға жол ашады. Жобаның толық іске қосылуы екі елдің ынтымақтастығына жаңа серпін беретініне сенімдімін", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Узнавайте первыми самые свежие новости агробизнеса Казахстана на нашей странице в , подписывайтесь на нас в или на нашу рассылку.

Соңғылары

Сату
09 Қыр 2026
РО
Роман
-
Ересек етті табын ІҚМ Продам быков с откорма
ІҚМ Абердин-ангус Әулиекөл
от 6 бас
Келісуге болады
Сату
31 Там 2026
ТОО "Карабалыкская СХОС"
ТОО "Карабалыкская СХОС"
-
Дәнді-бұршақ дақылдардың тұқымдары ТОО "Карабалыкская СХОС" реализует семена мягкой озимой пшеницы, 170 000 тг/тонна
Күздік бидай Бидай Жұмсақ бидай
78 тонна Алып кету, FCA
ҚҚС-пен теңге
тонна
170 000 тг
Сату
25 Там 2026
ТА
Татьяна
Хромтау
Ересек сүтті табын ІҚМ Продам 2 коровы
Етті-сүтті Сүтті ІҚМ 100+ Whatsapp
Етті-сүтті Сүтті ІҚМ 100+ Whatsapp
Келісуге болады
Сатып алу
25 Там 2026
ЖА
Жұмабеков Айбатыр
-
ІҚМ, асыл тұқымды мал КРС, племенной скот
Әулиеата тұқымы
Келісуге болады
Сату
13 Там 2026
КУ
Куаныш
Петропавловск, Казахстан
Ересек етті табын ІҚМ Продам быков живым весом
ІҚМ Симментал тұқымы 100+
ІҚМ Симментал тұқымы 100+
ҚҚС-пен теңге
бас
2 500 тг
Біздің серіктестер