12 Қыркүйек, 2024 Жаңалықтар
0  

Қазақстан Иракқа ет жеткізілімін ұсынды

Ирак Животноводство Экспорт
Қазақстан Иракқа ет жеткізілімін ұсынды
Фотосурет көзі: ҚР АШМ

Ауыл шаруашылығындағы ынтымақтастықты ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы және Ирактың Қазақстандағы уақытша сенімді өкілі Джабер Нажма Адбуллах Аль-Темими талқылады. Атап айтқанда, Иракқа қазақстандық сиыр еті мен қой етін жеткізуді жолға қою ұсынылды, деп хабарлады ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз-қызметінде.

"Ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықтың әлеуеті зор. Біз екіжақты байланыстарды нығайтуға, сауданы дамытуға, астық, күріш, ұн, сондай-ақ мал шаруашылығы өнімдерін жеткізуді жандандыруға дайынбыз. Экспортталатын позициялардың тізімі кеңейтіліп, жеткізу көлемі ұлғайтылуы мүмкін", - деді Ермек Кенжеханұлы.

Ол сондай-ақ АШМ-нің ірі және ұсақ мал экспортын кеңейту, жаңа нарықтар ашу бойынша қабылдаған шаралары туралы айтты. Атап айтқанда, қазақстандық ауыл шаруашылығы өндірушілері Иракқа 30 мың тоннаға дейін қазақстандық сиыр мен қой етін жеткізуге, сондай-ақ ІҚМ-нің асыл тұқымды және өнімді сапасын жақсарту үшін асыл тұқымды материал ұсынуға дайын.

Өз кезегінде Джабер Нажма Адбулла Аль-Темими бірқатар бағыттар бойынша қарым-қатынасты дамытуды ұсынды.

"Біз мелиорация, агротехника, мал шаруашылығы саласында оң тәжірибесі бар Қазақстанмен ынтымақтастыққа мүдделіміз", - деді ол.

Кездесу соңында тараптар ауыл шаруашылығы саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайту туралы келісті.

АШМ деректері бойынша 2023 жылы ҚР мен Ирак арасындағы АӨК өнімінің тауар айналымы $1 млн долларды, ал 2024 жылғы қаңтар-шілдеде - $672 мың долларды құрады. 2024 жылғы қаңтар-шілдеде ҚР-дан Иракқа экспорт 640 мың доллардан асты. Негізінен Иракқа пияз, күріш, ұн, ІҚМ және ҰММ мал майы экспортталады.

Узнавайте первыми самые свежие новости агробизнеса Казахстана на нашей странице в , подписывайтесь на нас в или на нашу рассылку.

Соңғылары

Сату
09 Қыр 2026
РО
Роман
-
Ересек етті табын ІҚМ Продам быков с откорма
ІҚМ Абердин-ангус Әулиекөл
от 6 бас
Келісуге болады
Сату
31 Там 2026
ТОО "Карабалыкская СХОС"
ТОО "Карабалыкская СХОС"
-
Дәнді-бұршақ дақылдардың тұқымдары ТОО "Карабалыкская СХОС" реализует семена мягкой озимой пшеницы, 170 000 тг/тонна
Күздік бидай Бидай Жұмсақ бидай
78 тонна Алып кету, FCA
ҚҚС-пен теңге
тонна
170 000 тг
Сату
25 Там 2026
ТА
Татьяна
Хромтау
Ересек сүтті табын ІҚМ Продам 2 коровы
Етті-сүтті Сүтті ІҚМ 100+ Whatsapp
Етті-сүтті Сүтті ІҚМ 100+ Whatsapp
Келісуге болады
Сатып алу
25 Там 2026
ЖА
Жұмабеков Айбатыр
-
ІҚМ, асыл тұқымды мал КРС, племенной скот
Әулиеата тұқымы
Келісуге болады
Сату
13 Там 2026
КУ
Куаныш
Петропавловск, Казахстан
Ересек етті табын ІҚМ Продам быков живым весом
ІҚМ Симментал тұқымы 100+
ІҚМ Симментал тұқымы 100+
ҚҚС-пен теңге
бас
2 500 тг
Біздің серіктестер