03 Ақпан, 2023 Жаңалықтар
0  

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жер комитетінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізеді

Қазақстан
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жер комитетінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізеді
Фото көзі: ElDala.kz

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу туралы бірлескен бұйрыққа қол қойды. Бұл туралы Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов мәлімдеді.

"Жерді пайдалану және қорғау саласындағы қалыптасқан жағдайды талдау жердің түрлі құқық бұзушылықтар, оның ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасау объектісі болып табылатынын көрсетеді. Жалпыға белгілі факт конкурстар мен аукциондардан тыс коммерциялық мақсаттар үшін жер учаскелерін беру, құрылыс және өзге де мақсаттар үшін қосымша жер учаскелерін беру, нысаналы мақсатын заңсыз өзгерту, жер учаскелерін сегменттеу және кейіннен сату, елді мекеннің бас жоспарлары болмай, қала құрылысы регламенттерін бұза отырып жер беру болып табылады", - деп атап өтті Теміржанов.

Ол президент кәсіпкерлерге жер учаскелерін жедел және ашық бөлу үшін пәрменді тәсілдерді әзірлеуді, сондай-ақ иесіз немесе мақсатына сай пайдаланылмайтын жерлер туралы ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етуді тапсырғанын еске салды.

"Алдағы уақытта біз жүргізіп жатқан бірлескен жұмыс сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге ықпал ететініне, сондай-ақ жер қатынастары саласындағы жүйелі проблемаларды шешетініне сенімдімін", - деп қорытындылады Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы. Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізді. Бұл жұмыстың нәтижесі қазіргі уақытта талқыланып жатқан және жақын арада қабылдануы тиіс ауыл шаруашылығын субсидиялау ережелеріне түзетулер болды.

Узнавайте первыми самые свежие новости агробизнеса Казахстана на нашей странице в , подписывайтесь на нас в или на нашу рассылку.

Соңғылары

Сату
15 Сәу 2025
ТОО «Silk Road Agrochem»
ТОО «Silk Road Agrochem»
Выгоничи, Брянская область, Россия
Ет және сүйек ұны Премикс П1-2 для кур-несушек яичных кроссов
Құстар Биг-бэг Мал азық дақылдары үшін
Алып кету, FCA, Қоймадағы санақ, EXW, Қоймаға, DAP, DAT, CPT жеткізу
ҚҚС-сыз теңге
тонна
310 000 тг
Сату
15 Сәу 2025
ТОО «Silk Road Agrochem»
ТОО «Silk Road Agrochem»
Выгоничи, Брянская область, Россия
Ет және сүйек ұны Премикс П5 для бройлеров
Құстар Биг-бэг Мал азық дақылдары үшін
Алып кету, FCA, Қоймадағы санақ, EXW, Қоймаға, DAP, DAT, CPT жеткізу
ҚҚС-сыз теңге
тонна
450 000 тг
Сату
15 Сәу 2025
ТОО «Silk Road Agrochem»
ТОО «Silk Road Agrochem»
Выгоничи, Брянская область, Россия
Ет және сүйек ұны Премикс П 80-1 для овцематок и молодняка
ҰҚМ Биг-бэг Мал азық дақылдары үшін
Алып кету, FCA, Қоймадағы санақ, EXW, Қоймаға, DAP, DAT, CPT жеткізу
ҚҚС-сыз теңге
тонна
185 000 тг
Сату
15 Сәу 2025
ТОО «Silk Road Agrochem»
ТОО «Silk Road Agrochem»
Выгоничи, Брянская область, Россия
Ет және сүйек ұны Премикс П7-1 П60-1 для молочных коров в стойловый период
ІҚМ Биг-бэг Мал азық дақылдары үшін
Алып кету, FCA, Қоймадағы санақ, EXW, Қоймаға, DAP, DAT, CPT жеткізу
ҚҚС-сыз теңге
тонна
150 000 тг
Сату
15 Сәу 2025
ТОО «Silk Road Agrochem»
ТОО «Silk Road Agrochem»
Выгоничи, Брянская область, Россия
Ет және сүйек ұны Премикс П7-1 для индеек
Құстар Биг-бэг Мал азық дақылдары үшін
Алып кету, FCA, Қоймадағы санақ, EXW, Қоймаға, DAP, DAT, CPT жеткізу
ҚҚС-сыз теңге
тонна
570 000 тг
Біздің серіктестер