Kusto Group холдингі су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға көмек көрсетуге 1,5 млрд теңге көлемінде қосымша қаражат бөлінгені туралы хабарлады.
"Су тасқынынан келтірілген залалдың бұрын-соңды болмаған ауқымын және Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бизнес-қоғамдастыққа көмек көрсету туралы үндеуін ескере отырып, біз су тасқынынан зардап шеккендерге шығындарды қалпына келтіруге қосымша қаражат бөлу туралы жариялаймыз", - деді Kusto Group негізін қалаушы Еркін Тәтішев.
Бұған дейін Kusto Group су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде 400 млн теңге бөлген болатын.