04 Қыркүйек, 2023 Жаңалықтар
0  

Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрлігін Айдарбек Сапаров басқарды

Минсельхоз Назначение Айдарбек Сапаров
Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрлігін Айдарбек Сапаров басқарды
Фотосуретті түсірген: gov.kz

Ауыл шаруашылығы министрі болып Айдарбек Сапаров тағайындалды. Тағайындау туралы Жарлыққа ҚР Президенті қол қойып, Сапаровты Солтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметінен босатты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Ербол Қарашөкеев мемлекет басшысының Жарлығымен ауыл шаруашылығы министрі қызметінен босатылды.

Айдарбек Сапаров 2022 жылдың 1 желтоқсанынан бастап қазіргі уақытқа дейін Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болды.

Сапаров 1966 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Омбы ауыл шаруашылығы институтын, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін зооинженер, мемлекеттік басқару бакалавры мамандығы бойынша бітірген. "Құрмет", "Парасат" ордендерімен және "Астанаға 10 жыл" мерейтойлық медалімен марапатталған.

Әр жылдары "Азық-түлік корпорациясы" АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық өкілдігі директорының орынбасары, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша АШМ облыстық аумақтық инспекциясының бастығы болып жұмыс істеді.

СҚО Шал ақын және Мағжан Жұмабаев аудандарының әкімі, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болды.

2019 – 2022 жылдары Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі болып жұмыс істеді.

Узнавайте первыми самые свежие новости агробизнеса Казахстана на нашей странице в , подписывайтесь на нас в или на нашу рассылку.

Соңғылары

Сату
Кеше
ТА
Татьяна
Сарысай
Ересек сүтті табын ІҚМ Продам коров
Етті-сүтті Сүтті ІҚМ Whatsapp
Етті-сүтті Сүтті ІҚМ Whatsapp
Теңге қолма-қол
бас
550 000 тг
Сату
Кеше
ТА
Татьяна
Сарысай
Ересек сүтті табын ІҚМ Продам коров
Етті-сүтті Сүтті ІҚМ Whatsapp
Етті-сүтті Сүтті ІҚМ Whatsapp
Теңге қолма-қол
бас
550 000 тг
Сату
03 Там 2026
АГ
АГРОНЕЖ
-
Астықты өңдеуге және сақтауға арналған жабдық Мобильная зерносушилка АГРОНЕЖ М20 Н
Астық өңдейтін техника
54 - 310 дана Пошта арқылы жеткізу
Еуро
дана
€ 50964
Сату
03 Там 2026
ЭМ
Эвелина Максимовна
-
Астықты өңдеуге және сақтауға арналған жабдық Мобильная зерносушилка АГРОНЕЖ на сжиженном газе
Астық өңдейтін техника
54 - 310 дана Пошта арқылы жеткізу
Еуро
дана
€ 43683
Сату
29 Шіл 2026
АН
Андрей
-
Жоңышқа Семена: Люцерна Донник Кострец Житняк Эспарцет Суданка Фацелия СОРГО
Жоңышқа Эспарцет Жемшөп дақыл Түйежоңышқа Еркекшөп Қылтықсыз арпабас Судан шөбі
Алып кету, FCA
Теңге қолма-қол
килограмм
170 тг
Біздің серіктестер