06 Маусым, 2024 Жаңалықтар
0  

Ауыл шаруашылығы министрлігі су тасқыны кезіндегі мал шығынын айтты

Амангалий Бердалин Животноводство
Ауыл шаруашылығы министрлігі су тасқыны кезіндегі мал шығынын айтты
Фотосурет көзі: ҚР АШМ

Қазақстанда су тасқыны кезінде 12,5 мыңға жуық мал қырылды. Тағы 139,4 мың бас жануарлар су басу орындарынан қауіпсіз қашықтыққа айдалды. Бұл туралы ОКҚ брифингінде ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин мәлімдеді.

"Жедел деректер бойынша өлген жануарлардың саны 12 450 басты құрайды, оның ішінде 5 108 бас ҰММ, ІҚМ – 4 326, жылқы – 1 724, шошқа – 230, түйе – 34, құс – 1028. Өлген жануарлардың барлық өлекселері жиналып, жойылды", - деді Аманғали Бердалин.

Малдың шығыны Абай, Ұлытау, Ақтөбе, БҚО, Қостанай, Ақмола, Атырау, Қарағанды, СҚО облыстарында тіркелді.

Вице-министр атап өткендей, "су тасқынының алғашқы сағаттарында судың тез келгені соншалық, бірқатар аймақтарда жануарларды эвакуациялау немесе қауіпсіз қашықтыққа шығару мүмкін болмады, содан олар өлді".

Осы уақытқа дейін өлген мал үшін өтемақы толық көлемде төленді. Жалпы сомасы 2,4 млрд теңгені құрады.

Сонымен қатар, 12 сібір жарасы (Ақтөбе – 3, БҚО – 3 және СҚО – 6) және 8 мал қорымы (БҚО) су астында қалды. Су ағып жатқан кезде көму орындарынан топырақ үлгілері алынды.

"Сібір жарасы спораларының көму бетіне шығу үлгілері зерттеу нәтижесінде анықталған жоқ. Сондай-ақ, бұл көму орындарының шайылыпп кету фактілері жоқ. Мұның бәрі саркофагтың көмуден жер бетіне споралардың енуіне сенімді түрде кедергі жасай алатындығын тағы бір рет дәлелдейді. Су басу аймағында болған барлық көму орындары теріс нәтиже алғаннан кейін профилактикалық дезинфекциядан өтті", - деп қорытындылады Аманғали Бердалин.

Узнавайте первыми самые свежие новости агробизнеса Казахстана на нашей странице в , подписывайтесь на нас в или на нашу рассылку.

Соңғылары

Сату
09 Қыр 2026
РО
Роман
-
Ересек етті табын ІҚМ Продам быков с откорма
ІҚМ Абердин-ангус Әулиекөл
от 6 бас
Келісуге болады
Сату
31 Там 2026
ТОО "Карабалыкская СХОС"
ТОО "Карабалыкская СХОС"
-
Дәнді-бұршақ дақылдардың тұқымдары ТОО "Карабалыкская СХОС" реализует семена мягкой озимой пшеницы, 170 000 тг/тонна
Күздік бидай Бидай Жұмсақ бидай
78 тонна Алып кету, FCA
ҚҚС-пен теңге
тонна
170 000 тг
Сату
25 Там 2026
ТА
Татьяна
Хромтау
Ересек сүтті табын ІҚМ Продам 2 коровы
Етті-сүтті Сүтті ІҚМ 100+ Whatsapp
Етті-сүтті Сүтті ІҚМ 100+ Whatsapp
Келісуге болады
Сатып алу
25 Там 2026
ЖА
Жұмабеков Айбатыр
-
ІҚМ, асыл тұқымды мал КРС, племенной скот
Әулиеата тұқымы
Келісуге болады
Сату
13 Там 2026
КУ
Куаныш
Петропавловск, Казахстан
Ересек етті табын ІҚМ Продам быков живым весом
ІҚМ Симментал тұқымы 100+
ІҚМ Симментал тұқымы 100+
ҚҚС-пен теңге
бас
2 500 тг
Біздің серіктестер