23 Сәуір, 2024 Жаңалықтар
0  

Ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК дамытудың жаңа ұлттық жобасын әзірледі

Минсельхоз Финансы
Ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК дамытудың жаңа ұлттық жобасын әзірледі

Ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК дамыту жөніндегі 2024-2028 жылдарға арналған "Қуатты АӨК" ұлттық жобасын әзірлеп, талқылауға ұсынды. Құжат несиелеу және субсидиялау бөлігінде саланы қаржыландыруды едәуір ұлғайтуды көздейді.

"Ұлттық жобада 5 жылға көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жеңілдетілген несиелендіруге, ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдетілген лизингіне, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталатын 10,5 трлн теңге қайтарымды қаражат көзделген. Бұдан басқа, мемлекет басшысының АӨК-ні мемлекеттік қолдау көлемін 2 есеге ұлғайту жөніндегі тапсырмасын іске асыру мақсатында Ұлттық жобада субидиялау көлемін 2024-2028 жылдар аралығында 432,9 млрд теңгеден 882,5 млрд теңгеге дейін ұлғайту көзделген", - деп хабарлады АШМ-де.

Сондай-ақ, Ұлттық жобаның іс-шараларын іске асыру кезінде 5 жыл ішінде 3,8 трлн теңге мөлшерінде бюджеттен тыс қаражат тартылатын болады.

АШМ-де ұлттық жоба екі міндетті көздейтінін түсіндірді: егіс алқаптарының құрылымын жеделдетіп әртараптандыру және агротехнологияларды енгізуді ынталандыру, сондай-ақ АӨК-де басым инвестициялық жобаларды іске асыру.

Ұлттық жобаны іске асыру 2028 жылға қарай мынадай нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді:

  • ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемін 2028 жылы 2 есеге, 17 трлн теңгеге дейін ұлғайту;
  • ауыл шаруашылығы техникасын жылына 8-10% дейін жаңарту;
  • еңбек өнімділігін 2 есе, 9,1 млн теңгеге дейін арттыру;
  • АӨК өнімдерінің экспортын 2 есеге, 10 млрд-қа дейін ұлғайту;
  • ауыл шаруашылығына инвестициялар ағынын 3,3 есеге, 3,2 трлн теңгеге дейін ұлғайту;
  • өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің (сүт, ет, майлы дақылдар, күріш, жүгері, қарақұмық) үлесін 70%-ғадейін ұлғайту;
  • отандық өндіріс есебінен импортқа тәуелді азық-түлік тауарлары бойынша өзін-өзі қамтамасыз ету: алма – 100%, шұжық өнімдері – 100%, ірімшік және сүзбе – 100%, қант-83%, құс еті - 100%.
Узнавайте первыми самые свежие новости агробизнеса Казахстана на нашей странице в , подписывайтесь на нас в или на нашу рассылку.

Соңғылары

Сату
09 Қыр 2026
РО
Роман
-
Ересек етті табын ІҚМ Продам быков с откорма
ІҚМ Абердин-ангус Әулиекөл
от 6 бас
Келісуге болады
Сату
31 Там 2026
ТОО "Карабалыкская СХОС"
ТОО "Карабалыкская СХОС"
-
Дәнді-бұршақ дақылдардың тұқымдары ТОО "Карабалыкская СХОС" реализует семена мягкой озимой пшеницы, 170 000 тг/тонна
Күздік бидай Бидай Жұмсақ бидай
78 тонна Алып кету, FCA
ҚҚС-пен теңге
тонна
170 000 тг
Сату
25 Там 2026
ТА
Татьяна
Хромтау
Ересек сүтті табын ІҚМ Продам 2 коровы
Етті-сүтті Сүтті ІҚМ 100+ Whatsapp
Етті-сүтті Сүтті ІҚМ 100+ Whatsapp
Келісуге болады
Сатып алу
25 Там 2026
ЖА
Жұмабеков Айбатыр
-
ІҚМ, асыл тұқымды мал КРС, племенной скот
Әулиеата тұқымы
Келісуге болады
Сату
13 Там 2026
КУ
Куаныш
Петропавловск, Казахстан
Ересек етті табын ІҚМ Продам быков живым весом
ІҚМ Симментал тұқымы 100+
ІҚМ Симментал тұқымы 100+
ҚҚС-пен теңге
бас
2 500 тг
Біздің серіктестер