04 Желтоқсан, 2023 Жаңалықтар
0  

АШМ жылыжай құрылысын субсидиялау нормативін ұлғайтты

Теплицы Субсидии Растениеводство
АШМ жылыжай құрылысын субсидиялау нормативін ұлғайтты

Ауыл шаруашылығы министрлігі басым дақылдарды дамытуды мемлекеттік қолдау шеңберінде өсімдік шаруашылығын субсидиялау қағидаларына өзгерістер енгізді. Түзетулер маусымаралық кезеңде субсидиялар нормалары бойынша 1 гектарға шығыстарды (электр энергиясына, газға, көмірге) субсидиялауды көздейді. Сондай-ақ инвестициялық субсидиялар шеңберінде жылыжай кешендерін салу және кеңейту жөніндегі жобаларды іске асыру кезінде үлесті 25% - дан 30% - ға дейін ұлғайту бөлігінде өзгерістер енгізілді. Бұл өзгеріс 2023 жылдың 10 желтоқсанынан бастап күшіне енеді, деп хабарлады АШМ баспасөз қызметі.

Басым дақылдардың тізбесін және субсидиялау нормативтерін жергілікті атқарушы органдар бекітуі тиіс. Бүгінгі таңда Түркістан облысы мен Шымкент әкімдіктері өнеркәсіптік және фермерлік жылыжайлар үшін ағымдағы жылға арналған субсидиялардың көлемі мен нормативтерін бекітті.

Жергілікті атқарушы органдар қабылданған нормативтерді субсидиялаудың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесінің (БМСАЖ) базасына енгізді. Өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 20 желтоқсанына дейін ашық.

Бюджет қаражатын тиімді жұмсау, сондай-ақ барлық агротехнологиялар сақталатын жылыжайларды қолдау үшін өндіріс технологияларына сәйкестік сертификатының (есебінің) болуы міндетті талап болып табылады. Ұлттық стандартты ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитеті АШМ және бизнес өкілдерімен бірлесіп әзірледі. Ол 2023 жылдың 1 мамырынан бастап күшіне енді.

1 желтоқсандағы жағдай бойынша 756 өтінім қабылданып, фермерлік жылыжайлар үшін 726 сертификат берілді. Жұмыста 30 өтінім бар.

Сертификат алудың барлық мәселелері бойынша ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетіне хабарласуға болады.

Узнавайте первыми самые свежие новости агробизнеса Казахстана на нашей странице в , подписывайтесь на нас в или на нашу рассылку.

Соңғылары

Сату
05 Мам 2026
77
77079083821
Аксай, Западно-Казахстанская область
Ересек сүтті табын ІҚМ Продам КРС
Теңге қолма-қол
бас
18 000 000 тг
Сату
05 Мам 2026
ER
Erdaulet
Шымкент
Күнбағыс күнжарасы Подсолнечный шрот
1000+ 10 000+ 1 000 000+
1000+ 10 000+ 1 000 000+
Келісуге болады
Сатып алу
02 Мам 2026
МB
мельница BEST KOSTANAY
Костанай
Бидай 3 сын Покупаем пшеницу от СХТП на мельницу
АШТӨ
АШТӨ
Келісуге болады
Сатып алу
02 Мам 2026
БА
Баке
Акмолинская , недалеко от Астаны
Бидай 3 сын Пшени
Желімтек 25%
Желімтек 25%
Келісуге болады
Сату
02 Мам 2026
НУ
Нурман
Казахстан
Арпа Продам ячмень в мешках
Келісуге болады
Біздің серіктестер