"Ауыл аманаты" бағдарламасын іске асыру тетігін жетілдіру үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл тұрғындарына несие берудің негізгі шарттары мен тәртібін регламенттейтін қағидалар жобасын әзірледі. Бұл туралы АШМ баспасөз қызметі хабарлады.
Түзетулерде, біріншіден, бағдарламаға қатысушылардың нақты тізімі анықталды:
Екіншіден, әрбір ауылдық округке несие берудің басым бағыттарын айқындау бойынша талаптар көзделген. Бұл ретте мал шаруашылығы бағыты бойынша бағдарламаға бөлінген қаражаттың 50% - нан аспайтын лимит белгіленді.
Үшіншіден, жобаларды іріктеудің негізгі критерийлері анықталды:
Жеңіл автокөлікті; ауыл шаруашылығы жануарларын жақын туыстарынан; ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі жобаны масштабтау шеңберінде бұрын шағын несие беру қаражаты есебінен сатып алынған ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алуға, сондай-ақ оларды кейіннен жалға беру үшін ғимараттар, үй-жайлар, тұрғын үйлер салуға шағын несие беруге жол берілмейді.
"Ауыл аманаты" бағдарламасын іске асыруға 2023 жылы республикалық бюджеттен 17 мың шағын несие беру жоспарымен 100 млрд теңге бөлінді. Бұл ауылда 18 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.
АШМ деректері бойынша 6 қарашада 88,4 млрд теңгеге 14 284 өтінім қаралуда, 66,2 млрд теңгеге 10 878 өтінім мақұлданды; 53,6 млрд теңгеге 8 761 шағын несие берілді. Қаражат ШҚО (1,5 млрд теңге), Қостанай (1,6 млрд теңге) және Павлодар облыстарында (1,5 млрд теңге) толық игерілді.
"Ауыл аманаты" бағдарламасын іске асыру үшін 2024 жылы 100 млрд теңге, 2025 және 2026 жылдары – 50 млрд теңгеден қарастырылған.