25 Маусым, 2024 Жаңалықтар
0  

Қазақстанда ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуді дамытуға 372 млрд теңге бағытталады

Минсельхоз Финансы Переработка
Қазақстанда ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуді дамытуға 372 млрд теңге бағытталады

Үкіметке ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамытудың 2028 жылға дейінгі Кешенді жоспары бекітуге енгізілді. Құжат өңдеуді қолдаудың жаңа шараларын, жаңа нарықтарды ашуды, сондай-ақ қазақстандық өңдеушілерді қолдаудың қорғау шараларын қолдануды көздейді. Жоспарды іске асыруға 372 млрд теңге бағытталады, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

100 млрд теңге сомасына 65 сүт-тауар фермасын салу мен жаңғыртуды қаржыландыру жоспарланған. Бұл жылына 372 мың тонна сүт өндіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2024 жылдан бастап бағдарлама тағы да бірқатар салаларды қамтитын болады. Енді СТФ, суару, көкөніс қоймалары мен құс фабрикаларын қаржыландырумен қатар тағы сегіз сала, оның ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындары да қаржыландырылатын болады», - деді Мәжілісте ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров.

Сондай-ақ шикізаттың өзіндік құнын төмендету үшін шаралар кешені қабылданды. Атап айтқанда, жемшөпті арзандату үшін өндірісті қарқындату, дақылдарды әртараптандыру және суару шаралары жүзеге асырылуда. Ағымдағы жылы алғаш рет егіс және егін жинау жұмыстарына жеңілдікпен несие беру көлемі 580 млрд теңгені құрады. Жемшөп дақылдарының көлемі 3,4 млн гектарға дейін жеткізілді, бұл 2023 жылғы деңгейден 314 мың гектарға артық. 2026 жылға қарай жемшөп дақылдарының егіс көлемін 3,6 млн гектарға дейін жеткізу жоспарлануда.

"Азық-түлік корпорациясы арқылы фермерлерге 235 мың тонна көлемінде жеңілдетілген бағамен сату үшін тұрақты жемшөп қоры жасақталды. Бұл шаралар өңдеу өнеркәсібін жоғары сапалы, қолжетімді шикізатпен жеткілікті көлемде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деді министр.

Сондай-ақ, саланың технологиялық артта қалуын шешу, оның ішінде өнімді өткізу арналары қалыптасқан ірі жаһандық инвесторларды тарту арқылы да шаралар қарастырылған.

Министрлік мал шаруашылығы өнімдерінің экспорттық нарықтарын ашу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Атап айтқанда, Қытайға тері және қосалқы өнімдер экспортын ашу бойынша келіссөздер жүргізілуде.

"Кешенді жоспар аясында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамытуға бес жыл ішінде 372 млрд теңгеден астам, оның ішінде инвестициялық мақсаттарға - 150 млрд теңге және айналым мақсаттарына – 222 млрд теңге бағыттау жоспарлануда", - деп хабарлады АШМ.

Узнавайте первыми самые свежие новости агробизнеса Казахстана на нашей странице в , подписывайтесь на нас в или на нашу рассылку.

Соңғылары

Сату
03 Жел 2025
TOO AgroVir
Костанай, Казахстан
Сепаратор Зерноочистительный сепаратор РВС 40,60 т\ч с системой аспирации
ҚҚС-пен теңге
дана
23 600 000 тг
Сату
03 Жел 2025
TOO AgroVir
Костанай, Казахстан
Астықты өңдеуге және сақтауға арналған жабдық Транспортёрное оборудование: Норийное, Скребковое, Шнековое,Конвейерное.
Дәнді дақылдар үшін
Дәнді дақылдар үшін
Келісуге болады
Сату
03 Жел 2025
TOO AgroVir
Костанай, Казахстан
Сепаратор Самоходный зерноочистительный комплекс САД 4-50 т\ч
None
дана
9200000.00
Сату
03 Жел 2025
АН
Анара
Талгар, Қазақстан
Тауықтар Бройлеры живым весом 1200 тг
Етті 100+ 1000+
Етті 100+ 1000+
Теңге қолма-қол
бас
1 200 тг
Сату
03 Жел 2025
TOO AgroVir
Костанай, Казахстан
Сепаратор Зерноочистительный сепаратор САД 4-150 т\ч
ҚҚС-пен теңге
дана
2 245 000 тг
Біздің серіктестер