01 Қыркүйек, 2023 Жаңалықтар
0  

ҰАҒБО агротехнологиялық хабқа айналады

НАНОЦ Касым-Жомарт Токаев
ҰАҒБО агротехнологиялық хабқа айналады

Қазақстанда аграрлық ғылымды дамыту үшін жаңа шаралар қажет. Осы жұмыс шеңберінде Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығын трансформациялау жүргізілетін болады. Бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Қазақстан халқына Жолдауында айтты.

"Қазіргі ауыл шаруашылығы – жоғары технологиялы сала. Мұны білесіздер. Шаруаларды жер жағдайы немесе ауа райы емес, инновациялық амал-тәсілдер табысқа жеткізеді. Заманауи ғылымға сүйенбесе, ауыл шаруашылығы жай тоқырауға емес, құрдымға кетеді. Агроғылымды дамыту және ең бастысы, оны ауыл шаруашылығында іс жүзінде қолдану үшін шаралар қабылдау қажет. Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығын зерттеу ісінің барлық сатысын қамтитын агротехнология хабына айналдыру керек", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ол сондай-ақ танылған шетелдік агрономия орталықтарымен толыққанды ғылыми-практикалық ынтымақтастық орнату қажеттігін атап өтті. Өз кезегінде мемлекет жеке ғылыми-технологиялық бастамаларды қолдап, білім беру бағдарламаларын аграрлық сектордың қажеттіліктеріне бейімдейтін болады.

Сондай-ақ, президент егін шаруашылығында елеулі реформалар пісіп жетілгенін атап өтті. "Егіс түрлерін көбейтуіміз керек. Сондай-ақ көбірек пайда әкелетін дақылдар еккен жөн. Суды көп қажет ететін егіс алқабын біртіндеп азайтып, бір ғана дақыл түрін егуді шектеу қажет. Диқандарды жергілікті тұқыммен қамтамасыз ету маңызды. Сонымен қатар жаңа сұрыптарды шығарып, оны өсіру мәселесін шешкен жөн", - деп қорытындылады мемлекет басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, ҰАҒБО қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Оның құрамынан үш ірі аграрлық ЖОО (ҚазҰАУ, С. Сейфуллин атындағы ҚАТУ, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ) шығарылады және оның қарамағына ауыл шаруашылығы тәжірибелік станциялары мен ғылыми-зерттеу институттары беріледі.

Узнавайте первыми самые свежие новости агробизнеса Казахстана на нашей странице в , подписывайтесь на нас в или на нашу рассылку.

Соңғылары

Сату
05 Мам 2026
77
77079083821
Аксай, Западно-Казахстанская область
Ересек сүтті табын ІҚМ Продам КРС
Теңге қолма-қол
бас
18 000 000 тг
Сату
05 Мам 2026
ER
Erdaulet
Шымкент
Күнбағыс күнжарасы Подсолнечный шрот
1000+ 10 000+ 1 000 000+
1000+ 10 000+ 1 000 000+
Келісуге болады
Сатып алу
02 Мам 2026
МB
мельница BEST KOSTANAY
Костанай
Бидай 3 сын Покупаем пшеницу от СХТП на мельницу
АШТӨ
АШТӨ
Келісуге болады
Сатып алу
02 Мам 2026
БА
Баке
Акмолинская , недалеко от Астаны
Бидай 3 сын Пшени
Желімтек 25%
Желімтек 25%
Келісуге болады
Сату
02 Мам 2026
НУ
Нурман
Казахстан
Арпа Продам ячмень в мешках
Келісуге болады
Біздің серіктестер