06 Қараша, 2024 Жаңалықтар
0  

Ветеринариялық бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды

Минсельхоз Казбек Ташимов Назначение КВКН
Ветеринариялық бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды
Фотосурет көзі: ҚР АШМ

Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы болып Қазбек Тәшімов тағайындалды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тағайындалғанға дейін Қазбек Тәшімов осы Комитет төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Тәшімов 1980 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 2001 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін "Ветеринариялық санитария" мамандығы бойынша бітірген. 2005 жылы сол университетте "Құқықтану" мамандығы бойынша екінші жоғары білім алды.

Еңбек жолын 2002 жылы ҚР АШМ Тасқала аудандық аумақтық басқармасының жетекші маманы болып бастаған. 2005-2011 жылдар аралығында БҚО Тасқала ауданы әкімінің аппаратында түрлі қызметтер атқарды.

2011 жылдан бастап БҚО ауыл шаруашылығы басқармасының ветеринария бөлімін басқарды, 2015 жылы БҚО ветеринария басқармасының басшысы болып тағайындалды.

2017 жылдан 2021 жылға дейін Қазбек Тәшімов БҚО ветеринария басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

2021-2024 жылдары Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасын басқарды.

Узнавайте первыми самые свежие новости агробизнеса Казахстана на нашей странице в , подписывайтесь на нас в или на нашу рассылку.

Соңғылары

Сату
09 Қыр 2026
РО
Роман
-
Ересек етті табын ІҚМ Продам быков с откорма
ІҚМ Абердин-ангус Әулиекөл
от 6 бас
Келісуге болады
Сату
31 Там 2026
ТОО "Карабалыкская СХОС"
ТОО "Карабалыкская СХОС"
-
Дәнді-бұршақ дақылдардың тұқымдары ТОО "Карабалыкская СХОС" реализует семена мягкой озимой пшеницы, 170 000 тг/тонна
Күздік бидай Бидай Жұмсақ бидай
78 тонна Алып кету, FCA
ҚҚС-пен теңге
тонна
170 000 тг
Сату
25 Там 2026
ТА
Татьяна
Хромтау
Ересек сүтті табын ІҚМ Продам 2 коровы
Етті-сүтті Сүтті ІҚМ 100+ Whatsapp
Етті-сүтті Сүтті ІҚМ 100+ Whatsapp
Келісуге болады
Сатып алу
25 Там 2026
ЖА
Жұмабеков Айбатыр
-
ІҚМ, асыл тұқымды мал КРС, племенной скот
Әулиеата тұқымы
Келісуге болады
Сату
13 Там 2026
КУ
Куаныш
Петропавловск, Казахстан
Ересек етті табын ІҚМ Продам быков живым весом
ІҚМ Симментал тұқымы 100+
ІҚМ Симментал тұқымы 100+
ҚҚС-пен теңге
бас
2 500 тг
Біздің серіктестер