22 Қараша, 2024 Жаңалықтар
0  

Жосықсыз жер пайдаланушыларды Қазақстан өңірлеріндегі комиссиялар анықтайтын болады

Земля
Жосықсыз жер пайдаланушыларды Қазақстан өңірлеріндегі комиссиялар анықтайтын болады
Фотосурет көзі: primeminister.kz

Вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Жер ресурстары мәселелері жөніндегі комиссияның отырысында аграршылардан жер учаскелерін алу мәселелері қаралды. Басты мәселе - уәкілетті органдарға осы шешімдерді қабылдау кезінде құқықтық өріс шеңберінде әрекет етуге мүмкіндік беретін адал және жосықсыз жер пайдаланушыларды айқындау үшін құқықтық база құру. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Ауыл шаруашылығы вице-министрінің төрағалығымен жұмыс тобы өңірлерде арнайы комиссиялар құру жөнінде ұсыныс әзірледі. Олар бірқатар критерийлер негізінде жерді пайдалану құқығын жалғастыру мәселесін реттеумен айналысатын болады.

Олардың қатарында жерді нысаналы мақсатына сәйкес пайдалану, салық төлеу, инвестициялар тарту, ауылдық аумақтарды дамыту және т.б. бар. Барлық заңды рәсімдерді сақтау үшін Ауыл шаруашылығы министрлігінің ережесіне мемлекеттік органға осы арнайы өңірлік комиссияның үлгілік ережесі мен іс-қимыл алгоритмін әзірлеу және бекіту жөніндегі құзыретті беру бөлігінде өзгерістер енгізіледі.

Үкіметтің мәліметінше, 2024 жылдың басынан бері мемлекет меншігіне 2 млн гектардан астам ауыл шаруашылығы жері қайтарылған. АШМ Жер ресурстарын басқару комитеті жалпы ауданы 2,8 млн га жер пайдаланушыларға қатысты жоспардан тыс 1750-ге жуық тексеру жүргізді. Олардың нәтижелері бойынша 2,2 млн га аумақта жер заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы 1342 ұйғарым енгізілді.

Биыл берілген нұсқамалар бойынша 311,3 мың га алқапта ауыл шаруашылығы жерлерін игеру басталды. 200,4 мың га ауыл шаруашылығы жерлерін мәжбүрлеп алып қою бойынша сот талқылаулары жүргізілуде.

Бұдан басқа, әкімдіктердің ауданы 368,5 мың га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін беру туралы 875 заңсыз шешімі анықталды. Оның ішінде 84 шешім жойылды.

Узнавайте первыми самые свежие новости агробизнеса Казахстана на нашей странице в , подписывайтесь на нас в или на нашу рассылку.

Соңғылары

Сату
09 Қыр 2026
РО
Роман
-
Ересек етті табын ІҚМ Продам быков с откорма
ІҚМ Абердин-ангус Әулиекөл
от 6 бас
Келісуге болады
Сату
31 Там 2026
ТОО "Карабалыкская СХОС"
ТОО "Карабалыкская СХОС"
-
Дәнді-бұршақ дақылдардың тұқымдары ТОО "Карабалыкская СХОС" реализует семена мягкой озимой пшеницы, 170 000 тг/тонна
Күздік бидай Бидай Жұмсақ бидай
78 тонна Алып кету, FCA
ҚҚС-пен теңге
тонна
170 000 тг
Сату
25 Там 2026
ТА
Татьяна
Хромтау
Ересек сүтті табын ІҚМ Продам 2 коровы
Етті-сүтті Сүтті ІҚМ 100+ Whatsapp
Етті-сүтті Сүтті ІҚМ 100+ Whatsapp
Келісуге болады
Сатып алу
25 Там 2026
ЖА
Жұмабеков Айбатыр
-
ІҚМ, асыл тұқымды мал КРС, племенной скот
Әулиеата тұқымы
Келісуге болады
Сату
13 Там 2026
КУ
Куаныш
Петропавловск, Казахстан
Ересек етті табын ІҚМ Продам быков живым весом
ІҚМ Симментал тұқымы 100+
ІҚМ Симментал тұқымы 100+
ҚҚС-пен теңге
бас
2 500 тг
Біздің серіктестер