27 Қараша, 2023 Жаңалықтар
0  

Үкімет мал шаруашылығын қолдауға 30 млрд теңге бөлді

Финансы Животноводство Субсидии
Үкімет мал шаруашылығын қолдауға 30 млрд теңге бөлді

ҚР Үкіметі мал өсірушілерге қолдау көрсету үшін резервтен 30 млрд теңге бөлді. Тиісті қаулыға премьер-министр Әлихан Смайылов қол қойды. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Үкіметте хабарланғандай, аталған қаражатты бөлу мал өсірушілер алдындағы субсидиялар бойынша берешекті жабуға мүмкіндік береді.

Құжатқа сәйкес, Ауыл шаруашылығы министрлігі Абай, Жетісу, Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының бюджеттеріне асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер түрінде 30 млрд теңге аударуы тиіс.

Ең көп сома – 7,8 млрд теңге - Ақмола облысының әкімдігіне бөлінді, 5 млрд теңге Жамбыл облысына, 4,5 млрд теңге – ШҚО-ға, БҚО мал өсірушілері үшін 1 млрд теңге бөлінді.

Жалпы ағымдағы жылы агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялауға үкімет барлық көздерден 494 млрд теңге бөлді. Жақын арада инвестициялық субсидиялауға және несиелер мен лизинг бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға қосымша 30 млрд теңге бөлу жоспарлануда. Үкімет АӨК қолдауға резервтен 31 млрд теңге бөлмек.

Узнавайте первыми самые свежие новости агробизнеса Казахстана на нашей странице в , подписывайтесь на нас в или на нашу рассылку.

Соңғылары

Сату
05 Мам 2026
77
77079083821
Аксай, Западно-Казахстанская область
Ересек сүтті табын ІҚМ Продам КРС
Теңге қолма-қол
бас
18 000 000 тг
Сату
05 Мам 2026
ER
Erdaulet
Шымкент
Күнбағыс күнжарасы Подсолнечный шрот
1000+ 10 000+ 1 000 000+
1000+ 10 000+ 1 000 000+
Келісуге болады
Сатып алу
02 Мам 2026
МB
мельница BEST KOSTANAY
Костанай
Бидай 3 сын Покупаем пшеницу от СХТП на мельницу
АШТӨ
АШТӨ
Келісуге болады
Сатып алу
02 Мам 2026
БА
Баке
Акмолинская , недалеко от Астаны
Бидай 3 сын Пшени
Желімтек 25%
Желімтек 25%
Келісуге болады
Сату
02 Мам 2026
НУ
Нурман
Казахстан
Арпа Продам ячмень в мешках
Келісуге болады
Біздің серіктестер