20 Қараша, 2023 Жаңалықтар
0  

ӘКК фермерлерден 182 мың тонна көкөніс сатып алды

Овощеводство Финансы
ӘКК фермерлерден 182 мың тонна көкөніс сатып алды

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар (ӘКК) бүгінгі күні 181,8 мың тонна көлемінде күзгі өнім қорын қалыптастырды. Өнімдер 2024 жылғы маусымаралық кезеңде ішкі нарыққа реттеуші әсер ету үшін пайдаланылатын болады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тұрақтандыру қорына 102,6 мың тонна картоп, 28,3 мың тонна пияз, 22,3 мың тонна қырыққабат, 28,6 мың тонна сәбіз сатып алынды.

АШМ-де ӘКК жұмысы ағымдағы жылдың басынан бастап қайта форматталғанын еске салды. Күзгі және ерте көкөністерді (картоп, пияз, сәбіз, қырыққабат) маусымаралық және бағаның өсуі кезеңінде белгіленген бағамен жеткізу үшін шарттың жалпы сомасының 70% аванс бере отырып, ауыл шаруашылығы өндірушілерін форвардтық қаржыландыру бойынша (бір жыл бұрын) жаңа тәсілдер енгізілді.

Бұдан басқа, өнімді сату басталғанға дейін ауыл шаруашылығы өндірушілерінде өнімді сақтау шарттары айқындалды, өткізу нүктелері мен сауда объектілерін көрсете отырып, көкөністерді жеткізу кестесін қалыптастыру көзделген. Сондай-ақ, өңдеу кәсіпорындарын форвардтық қаржыландыру шеңберінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (қарақұмық жармасы, күріш, күнбағыс майы, ұн және қант) тізімі кеңейтілді.

Сауда желілеріне бөлінетін қаражаттың негізгі көлемін құю тәжірибесінен бас тарту үшін міндетті шарт бюджет қаражатының 70% ауыл шаруашылығы өндірушілері мен қайта өңдеу кәсіпорындарын қаржыландыруға бағыттау болды.

Узнавайте первыми самые свежие новости агробизнеса Казахстана на нашей странице в , подписывайтесь на нас в или на нашу рассылку.

Соңғылары

Предоставляю услуги
Кеше
БА
Батырхан
-
Установка и монтаж оборудования Услуги сервиса, ремонта, монтажа
Етті-сүтті Сүтті ІҚМ Голштин Симментал тұқымы
ҚҚС-пен теңге
дана
10 000 тг
Сату
22 Мау 2026
МА
Мади
Жамбылская область
ҰҚМ, асыл тұқымды мал Овцы породы Арашан
ҰҚМ
ҰҚМ
Теңге қолма-қол
бас
500 000 тг
Предоставляю услуги
11 Мау 2026
Богдан
-
Агрономический консалтинг Программа для точного расчета минерального питания
Telegram
Доллар
дана
$ 280
Предоставляю услуги
11 Мау 2026
Богдан
-
Агрономический консалтинг Расчёт минерального питания
Telegram
Доллар
дана
$ 41
Сату
03 Мау 2026
BA
Ba
Талдыкорган
Соя күнжарасы Соевый шрот
Үйінді Қазақстан Республикасының барлық өңірлері
Үйінді Қазақстан Республикасының барлық өңірлері
Доллар
тонна
$ 525
Біздің серіктестер