24 Мамыр, 2024 Жаңалықтар
0  

Қазақстанда тыңайтқыштарды қолдану көлемін екі есеге арттыруға ниетті

Посевная 2024 Серик Жумангарин Удобрения Растениеводство
Қазақстанда тыңайтқыштарды қолдану көлемін екі есеге арттыруға ниетті
Фотосуретті түсірген: primeminister.kz

Қазақстанда тыңайтқыштарды енгізу көлемін 1,5-нан 2 млн тоннаға дейін ұлғайтуға ниетті. Бұл үшін үкімет ынталандыру шараларын қабылдайды, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметі.

Тыңайтқыштарды субсидиялау және ЖЖМ шығыны нормативтері туралы мәселе вице-премьер Серік Жұманғариннің Түркістан облысының Қазығұрт ауданына сапары кезінде көтерілді.

"Егер біз нормасын арттыратын болсақ, біз жерді екі рет өңдеп, топырақты жақсарта аламыз", — деді "Қазығұрт-Агро" ЖШС директоры Ержан Көбеев.

Серік Жұманғариннің айтуынша, фермерлер өндіруші зауыттарда қажетті қорды қалыптастыру үшін тыңайтқыштарға уақтылы өтініш беруі керек.

"Биыл республика бойынша тыңайтқыштарды субсидиялауға 35 млрд теңге бөлінді, біз бұл мақсатқа шамамен 1,5 млн тонна бөлуді жоспарлап отырмыз. Алдағы жылдардағы жоспарлар көлемін 3,2 млн тоннаға дейін ұлғайту көзделген. Сондай-ақ биыл тыңайтқыш алуға мүмкіндігіңіз бар, өтінім беру керек", - деп атап өтті вице-премьер.

Сонымен қатар, Серік Жұманғарин мақта егіліп жатқан Мақтаарал ауданына барды. Мақта өсірушілер сондай-ақ өңірдің ерекшеліктерін ескере отырып, көктемгі дала жұмыстарына жеңілдікті дизель отынын беру нормативтерін қайта есептеу мүмкіндігі мәселесін көтерді. Сонымен қатар, субсидия төлемдерін кешіктіру мәселесі көтерілді.

"Біз биылғы жылы егіс науқанына арзандатылған бағамен 376 мың тонна дизель отынын бөлдік. Алдымен 340 мың, ал қажеттіліктер нақтыланғаннан кейін тағы 36 мың тоннаға ұлғайттық. Қазір көктемгі егіс жұмыстарына фермерлер үшін жылдық 5% - бен 580 млрд теңге бөлеміз. Өтінім беріңіздер, даму үшін ақша алыңыдар", - деді Серік Жұманғарин мақта өсірушілерге.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінде Түркістан облысында 469,3 мың гектар жер егілген. Оның 100 мың гектардан астамы – Қазығұрт ауданында. Мұнда бидай, арпа, жүгері, бұршақ және майлы дақылдар, сондай-ақ көкөністер өсіріледі. 2 мың гектарға жуық бақшалар салынды. Жайылымға 133 мың гектар жер бөлінді. Агроқұрылымдардың басым көпшілігі - шаруа қожалықтары (3 375). Оған қоса мұнда 127 кооператив пен 105 серіктестік бар. Мал шаруашылығы, әсіресе қой шаруашылығы өте дамыған: ауданда 400 мыңға жуық бас бар.

Узнавайте первыми самые свежие новости агробизнеса Казахстана на нашей странице в , подписывайтесь на нас в или на нашу рассылку.

Соңғылары

Предоставляю услуги
Бүгін
БА
Батырхан
-
Установка и монтаж оборудования Услуги сервиса, ремонта, монтажа
Етті-сүтті Сүтті ІҚМ Голштин Симментал тұқымы
ҚҚС-пен теңге
дана
10 000 тг
Сату
Кеше
МА
Мади
Жамбылская область
ҰҚМ, асыл тұқымды мал Овцы породы Арашан
ҰҚМ
ҰҚМ
Теңге қолма-қол
бас
500 000 тг
Предоставляю услуги
11 Мау 2026
Богдан
-
Агрономический консалтинг Программа для точного расчета минерального питания
Telegram
Доллар
дана
$ 280
Предоставляю услуги
11 Мау 2026
Богдан
-
Агрономический консалтинг Расчёт минерального питания
Telegram
Доллар
дана
$ 41
Сату
03 Мау 2026
BA
Ba
Талдыкорган
Соя күнжарасы Соевый шрот
Үйінді Қазақстан Республикасының барлық өңірлері
Үйінді Қазақстан Республикасының барлық өңірлері
Доллар
тонна
$ 525
Біздің серіктестер