24 Қыркүйек, 2024 Жаңалықтар
0  

Қазақстанда 17,2 млн тонна астық бастырылды

корм Зерно Урожай 2024 Растениеводство
Қазақстанда 17,2 млн тонна астық бастырылды

Қазақстанда 24 қыркүйекте 11,7 млн гектардан астам дәнді және бұршақты дақылдар жиналды. Орташа өнімділігі 14,7 ц/га болған кезде 17,2 млн тоннадан астам астық бастырылды. Сонымен қатар, 39 млн тоннадан астам жем дайындалды. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бидай 9,1 млн га алқапта жиналды, өнімділігі 14,2 ц/га кезінде 12,8 млн тонна бастырылды. Арпа 1,9 млн га алқапта жиналды, өнімділігі 16,5 ц/га болғанда 3,1 млн тонна бастырылды; сұлы – 153,9 мың га, өнімділігі 15,6 ц/га болғанда 240,6 мың тонна бастырылды.

Майлы дақылдар 263,7 мың га алқаптан жиналды, орташа өнімділігі 11,6 ц/га 304,6 мың тонна бастырылды.

Сонымен қатар, бүгінде республикада 31,6 млн тонна шөп немесе бір жарым жылдық жоспардың 85,3% дайындалды. Пішендеме 1,8 млн тонна (жылдық жоспардан 107,6%), құрама жемшөп 1,9 млн тонна, сүрлем -1,3 млн тонна және сабан 2,4 млн тонна дайындалды.

Ағымдағы жылы жемшөп дақылдарының егіс алқаптары 3,2 млн гектардан асты, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 83,5 мың гектарға артық. Бұл ретте егістікке орналастырылатын жемшөп үлесі шамамен 14% құрады (2023 жылы -13%).

24,5 млн тонна шөп, 1,7 млн тонна пішен, 4,6 млн тонна сабан, 5,5 млн тонна жем және 2 млн тонна сүрлем дайындау жоспарланған.

Қазақстанда жемшөппен қамтамасыз ету жағдайы тұрақты деп болжануда.

Узнавайте первыми самые свежие новости агробизнеса Казахстана на нашей странице в , подписывайтесь на нас в или на нашу рассылку.

Соңғылары

Ищу исполнителя
Бүгін
КУ
Куаныш
-
Установка и монтаж оборудования Ищу поставщиков оборудования для МТФ
Етті-сүтті Сүтті ІҚМ
Келісуге болады
Сату
01 Ақп 2026
ПР
Продавец
Кокшетау, Казахстан
Сүтті табынның жас ІҚМ Оптом и в розницу Плем телята телочки и бычки
ІҚМ
ІҚМ
Теңге қолма-қол
бас
200 000 тг
Сату
01 Ақп 2026
ДА
Данил
Аршалы, Акмолинская область, Казахстан
Етті табынның жас ІҚМ Продам Крупный рогатый скот КРС
ІҚМ
ІҚМ
Теңге қолма-қол
бас
100 000 тг
Сатып алу
29 Қан 2026
Azamat
Караганда, Казахстан
Дәнді-бұршақ дақылдардың тұқымдары Куплю овес семена сорт Скакун
Құжаттармен Овес Жемшөп дақылдары
Құжаттармен Овес Жемшөп дақылдары
Келісуге болады
Предоставляю услуги
29 Қан 2026
MY
Mukayev Yerkin
-
Перевозки автотранспортом УСЛУГА-🌾🌾Зерновоз Шакман 🚚 с прицепом ( боковал )
Келісуге болады
Біздің серіктестер