01 Қыркүйек, 2023 Жаңалықтар
0  

Қазақстанда 3,9 млн тонна астық бастырылды

Жатва Зерно Растениеводство
Қазақстанда 3,9 млн тонна астық бастырылды

Бүгінде Қазақстанда 3,9 млн га дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналды (егін жинау алаңының 22,3%). Орташа өнімділігі 10,2 ц/га кезінде 3,9 млн тонна астық бастырылды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, майлы дақылдардың орташа өнімділігі 7,1 ц/га құрайды, шамамен 63,1 мың га жиналды. Картоп 202 ц/га өнімділікпен 613,2 мың тонна жиналды. Биылғы жылы көкөністердің өнімділігі 227 ц/га құрайды, бүгінде шамамен 1,8 млн тонна жиналды.

Фермерлерді жеңілдетілген дизель отынымен қамтамасыз ету шеңберінде шарттар жасалып, 176,4 мың тонна жанармай (41%) төленді, 156,6 мың тонна (37%) жөнелтілді.

Өткен жылдағыдай "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ желісі бойынша көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландырудың жалпы сомасы 140 млрд теңгені құрады.

Сондай-ақ АШМ Азық-түлік корпорациясы желісі бойынша астық жеткізудің қажетті көлеміне келісімшарт жасалғанын хабарлады, ол үшін 81,2 млрд теңге бөлінді. АШМ жедел штабының отырысында Азық-түлік корпорациясының басшысы Асылхан Джувашев биыл жалпы көлемі 290 мың тонна астық форвардтық сатып алынғанын, сондай-ақ 600 мың тоннаға тауарлық несиелер берілгенін атап өтті.

Асылхан Джувашев облыс әкімдіктерінің назарын фермерлердің ауыл шаруашылығы өнімдерін уақтылы тапсыруын бақылау қажеттігіне аударды. Форвард пен тауарлық несиелерді уақтылы өтемеу келесі жылы аймақтардағы лимиттерге әсер етеді.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілқайыр Тамабек келесі жылдан бастап субсидиялар алу үшін егістіктерді толық цифрландыру қажет екенін еске салды. "Қазақстан Ғарыш Сапары" АҚ деректері бойынша фермерлердің өтінімдері бойынша 5 млн га ғана цифрландырылған. Кейбір аймақтарда цифрландыруға өтінімдер жоқ. Осы мәселені жедел шешу үшін телеграмм-канал құрылды, ол арқылы Agrospace платформасында жұмыс істеуге кеңес беру және оқыту жүзеге асырылады.

Узнавайте первыми самые свежие новости агробизнеса Казахстана на нашей странице в , подписывайтесь на нас в или на нашу рассылку.

Соңғылары

Сату
05 Мам 2026
77
77079083821
Аксай, Западно-Казахстанская область
Ересек сүтті табын ІҚМ Продам КРС
Теңге қолма-қол
бас
18 000 000 тг
Сату
05 Мам 2026
ER
Erdaulet
Шымкент
Күнбағыс күнжарасы Подсолнечный шрот
1000+ 10 000+ 1 000 000+
1000+ 10 000+ 1 000 000+
Келісуге болады
Сатып алу
02 Мам 2026
МB
мельница BEST KOSTANAY
Костанай
Бидай 3 сын Покупаем пшеницу от СХТП на мельницу
АШТӨ
АШТӨ
Келісуге болады
Сатып алу
02 Мам 2026
БА
Баке
Акмолинская , недалеко от Астаны
Бидай 3 сын Пшени
Желімтек 25%
Желімтек 25%
Келісуге болады
Сату
02 Мам 2026
НУ
Нурман
Казахстан
Арпа Продам ячмень в мешках
Келісуге болады
Біздің серіктестер