06 Қыркүйек, 2023 Жаңалықтар
0  

Қазақстанда 4,7 млн тонна астық бастырылды

Жатва Зерно Растениеводство
Қазақстанда 4,7 млн тонна астық бастырылды

Бүгінгі күні Қазақстанда 4,7 млн га дәнді дақылдар алқабы жиналды. Орташа өнімділігі 10 ц/га кезде 4,7 млн тонна астық бастырылды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, елдің оңтүстік өңірлері астық жинауды аяқтап жатыр. Шымкентте егін толығымен жиналды, Жамбыл облысында-98,3%, Түркістанда астық 86% жиналды.

Сонымен қатар, елімізде өнімділігі 7 ц/га болатын 58,7 мың тонна майлы дақылдар бастырылды, 728,4 мың тонна картоп, 1,9 млн тонна көкөніс және 2,7 млн тонна бақша дақылдары жиналды.

Егін жинау науқанына 149,9 мың трактор, 38,6 мың комбайн, 13,5 мың орақ және 140,3 мың басқа техника жұмылдырылды.

Егін жинау науқанына арналған 426 мың тонна жеңілдікті дизель отынының 207 мың тоннасы төленіп, 185 мың тоннасы жөнелтілді.

Биыл Аграрлық несие корпорациясының желісі бойынша көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландырудың жалпы сомасы 140 млрд теңгені құрады. Қаражат толығымен игерілді. Азық-түлік корпорациясы арқылы 21,2 млрд теңге ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алуға, көктемгі егіс жұмыстарын іске асыру және кейіннен қаржыландыру үшін 528 мың тонна көлемінде тауарлық несиелеуге тағы 60 млрд теңге бағытталды.

Узнавайте первыми самые свежие новости агробизнеса Казахстана на нашей странице в , подписывайтесь на нас в или на нашу рассылку.

Соңғылары

Предоставляю услуги
Кеше
БА
Батырхан
-
Установка и монтаж оборудования Услуги сервиса, ремонта, монтажа
Етті-сүтті Сүтті ІҚМ Голштин Симментал тұқымы
ҚҚС-пен теңге
дана
10 000 тг
Сату
22 Мау 2026
МА
Мади
Жамбылская область
ҰҚМ, асыл тұқымды мал Овцы породы Арашан
ҰҚМ
ҰҚМ
Теңге қолма-қол
бас
500 000 тг
Предоставляю услуги
11 Мау 2026
Богдан
-
Агрономический консалтинг Программа для точного расчета минерального питания
Telegram
Доллар
дана
$ 280
Предоставляю услуги
11 Мау 2026
Богдан
-
Агрономический консалтинг Расчёт минерального питания
Telegram
Доллар
дана
$ 41
Сату
03 Мау 2026
BA
Ba
Талдыкорган
Соя күнжарасы Соевый шрот
Үйінді Қазақстан Республикасының барлық өңірлері
Үйінді Қазақстан Республикасының барлық өңірлері
Доллар
тонна
$ 525
Біздің серіктестер