29 Шілде, 2024 Жаңалықтар
0  

ҚХР тізіліміне өсімдік шаруашылығы бойынша 1948 және мал шаруашылығы бойынша 40 кәсіпорын енгізілген

Экспорт в Китай Экспорт продукции
ҚХР тізіліміне өсімдік шаруашылығы бойынша 1948 және мал шаруашылығы бойынша 40 кәсіпорын енгізілген

Бүгінгі таңда Қазақстанда Қытаймен қытай нарығына өнімнің 27 түрін, атап айтқанда 18 өсімдік және 9 мал шаруашылығын экспорттау бойынша қол қойылған хаттамалар бар. Сондай-ақ, ҚХР тізіліміне өсімдік шаруашылығы бойынша 1948 және мал шаруашылығы бойынша 40 кәсіпорын енгізілгенін атап өткен жөн.

Бұдан басқа, қазіргі уақытта ҚХР импорттаушыларының тізіліміне өсімдік шаруашылығы өнімдерін экспорттау бойынша 728 компания және мал шаруашылығы өнімдерін экспорттау бойынша 9 компания енгізіледі деп күтілуде. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров айтты.

Сондай-ақ Қытайға экспорттауға қойылатын ветеринариялық талаптарды қосымша АӨК өнімдерінің тағы 10 түрін келісу мүмкіндігі пысықталуда, атап айтқанда:

  • мұздатылған құс еті және құс шаруашылығы өнімдері;
  • жылқы еті;
  • жоғары термиялық өңдеуден өткен ет өнімдері;
  • салқындатылған сиыр еті мен қой еті;
  • құрғақ бие сүті;
  • жануарларды сою кезінде алынған қосалқы өнімдер;
  • ІҚМ терісі.

Бұл қазақстандық мал шаруашылығы өнімдерінің ҚХР-ға экспортын кеңейту үшін қажет.

Узнавайте первыми самые свежие новости агробизнеса Казахстана на нашей странице в , подписывайтесь на нас в или на нашу рассылку.
Біздің серіктестер