18 Шілде, 2023 Жаңалықтар
0  

Қазақстанда сүт өндірушілерге арналған оқыту орталығы іске қосылады

Минсельхоз МТФ Животноводство
Қазақстанда сүт өндірушілерге арналған оқыту орталығы іске қосылады
Фотосуретті түсірген: ҚР АШМ

Алматы облысында неміс мамандарымен бірлесіп сала қызметкерлерін оқыту жөніндегі сүт орталығы іске қосылады. Оны іске қосуға дайындық барысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің, "Байсерке Агро" компаниясының және Қазақ агротехникалық университетінің өкілдері Германияның солтүстігінде жұмыс сапарымен болды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сүт өндіру саласындағы біліктілікті арттыру KFM жобасы шеңберінде Алматы облысындағы "Байсерке Агро" оқу ғылыми-өндірістік орталығының базасында жүргізілетін болады. Осыған ұқсас орталық еліміздің солтүстігінде жұмыс істейді, онда Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының 16 пилоттық шаруашылығының мамандары оқиды. Практикалық жұмыс сиырлардың өнімділігін арттыруға, жемге талдау жүргізуге, фермадағы жұмыс хаттамасын жасауға және сақтауға бағытталған.

"Байсерке Агро" 30 орындық дайын жатақханасы бар инфрақұрылымды, асхананы, теориядан өту үшін оқу сыныптарын, практикалық дағдыларды алу үшін сауудың заманауи түрлері бар сүт-тауар фермасын ұсынуға дайын.

Орталықта аграрлық университеттердің түлектері мен студенттері, сондай-ақ фермалардың мамандары білім алады деп болжануда. Оқыту кадр тапшылығын азайтуға, жаңа және қолданыстағы сүт фермаларында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға, сондай-ақ сүт өндірісінде жұмыс істеуге жастарды тартуға ықпал етеді.

"Қазақстандағы мұндай сүт орталықтары, ең алдымен, өнеркәсіптік немесе отбасылық үлгідегі сүт өндірушілерге, әсіресе Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесі бойынша жеңілдікті қаржыландыру есебінен құрылатын 65 СТФ пилоттық орталықтарына қажет", - деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Сүт саласында практикалық дағдыларды игерудің арқасында шаруашылықтың рентабельділігін арттырып қана қоймай, қайта өңдеу кәсіпорындарына сату үшін сүт шикізатының сапасын жақсартуға болады. Бұл елімізде сүт бойынша импортқа тәуелділікті 39% - дан 11% - ға дейін төмендету үшін іске асырылатын бағыттардың бірі.

Жобаға қатысушылардың Германияға бару бағдарламасы Уве Веддигенің басшылығымен KFM қазақстандық-неміс жобасы аясында ұйымдастырылды. Қазақстандық делегация сапар аясында Аренсбургтегі Дениз Фелкердің консультациялық кеңсесіне, Блекендорфтағы Футтеркамп оқу және эксперименттік орталығына (LVZ) және Эхемдегі ауылшаруашылық білім беру орталығына (LBZ) барып, консультациялық және білім беру орталықтарының функцияларымен танысты.

Узнавайте первыми самые свежие новости агробизнеса Казахстана на нашей странице в , подписывайтесь на нас в или на нашу рассылку.

Соңғылары

Сату
Кеше
ТА
Татьяна
Сарысай
Ересек сүтті табын ІҚМ Продам коров
Етті-сүтті Сүтті ІҚМ Whatsapp
Етті-сүтті Сүтті ІҚМ Whatsapp
Теңге қолма-қол
бас
550 000 тг
Сату
Кеше
ТА
Татьяна
Сарысай
Ересек сүтті табын ІҚМ Продам коров
Етті-сүтті Сүтті ІҚМ Whatsapp
Етті-сүтті Сүтті ІҚМ Whatsapp
Теңге қолма-қол
бас
550 000 тг
Сату
03 Там 2026
АГ
АГРОНЕЖ
-
Астықты өңдеуге және сақтауға арналған жабдық Мобильная зерносушилка АГРОНЕЖ М20 Н
Астық өңдейтін техника
54 - 310 дана Пошта арқылы жеткізу
Еуро
дана
€ 50964
Сату
03 Там 2026
ЭМ
Эвелина Максимовна
-
Астықты өңдеуге және сақтауға арналған жабдық Мобильная зерносушилка АГРОНЕЖ на сжиженном газе
Астық өңдейтін техника
54 - 310 дана Пошта арқылы жеткізу
Еуро
дана
€ 43683
Сату
29 Шіл 2026
АН
Андрей
-
Жоңышқа Семена: Люцерна Донник Кострец Житняк Эспарцет Суданка Фацелия СОРГО
Жоңышқа Эспарцет Жемшөп дақыл Түйежоңышқа Еркекшөп Қылтықсыз арпабас Судан шөбі
Алып кету, FCA
Теңге қолма-қол
килограмм
170 тг
Біздің серіктестер