19 Сәуір, 2023 Жаңалықтар
0  

Ауыл шаруашылығы министрлігінде егіс жүргізу бойынша жедел штаб жұмыс істейді

Посевная 2023 удобрения Растениеводство
Ауыл шаруашылығы министрлігінде егіс жүргізу бойынша жедел штаб жұмыс істейді
Ауыл шаруашылығы министрлігінде егіс жүргізу бойынша жедел штаб жұмыс істейді

Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге шаруаларға 257 мың тонна тыңайтқыш, оның ішінде 144 мың тонна отандық кәсіпорын өнімі жөнелтілді. Егіс науқанының барысы премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте талқыланды.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілқайыр Тамабектің айтуынша, қазір қоймаларда 88 мың тонна тыңайтқыш қоры бар. Жалпы, ағымдағы егіс алқабында шамамен 704 мың тонна тыңайтқыш, оның ішінде қазақстандық өндірістің 63% пайдалану жоспарлануда.

Жергілікті бюджеттерде тыңайтқыштарды сатып алуды субсидиялау бағдарламасына 31,3 млрд теңге қарастырылған. Дақылдарды зиянды организмдер мен арамшөптерден қорғау үшін субсидиялау шеңберінде 32,6 млрд теңге бөлінді.

Сондай-ақ, баспасөз қызметі егіс жұмыстарын жүргізуге 419 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінгенін хабарлады - бұл өткен жылдың деңгейінен 19 мың тоннаға артық. Операторлардың шығындарын ескере отырып, ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін соляркының орташа құны 204 теңгені/литрі құрайды. Өңірлер жанармайдың көзделген көлемінің 47% алды.

"Кең дала" бағдарламасы бойынша егіс науқанын қаржыландыруға 140 млрд теңге қарастырылған, оған кемінде 3200 фермерді қамту, шамамен 2 млн га алқапта егіс пен егін жинауды қамтамасыз ету жоспарланған. Қазіргі уақытта 150,8 млрд теңгеге 4169 өтінім келіп түсті.

Өнімді форвардтық сатып алуға 20 млрд теңге қарастырылған. Азық-түлік корпорациясы көктемгі егіс жұмыстарын іске асыру және кейіннен қаржыландыру үшін ірі ауыл шаруашылығы өндірушілеріне тауарлық несие беруге тағы 35 млрд теңге бөледі.

Бүгінгі таңда Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде аграрлар 832,9 мың га екті, олардың басым бөлігі дәнді, жемшөп және майлы дақылдар. Жалпы, бүкіл ел бойынша 23,4 млн га егу жоспарлануда. Биыл дәнді, жемшөп, көкөніс және бақша дақылдарының, сондай-ақ қант қызылшасының егістік алқаптары ұлғаяды.

Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы барлық проблемалық мәселелерді жедел шешу үшін барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарды, сондай-ақ облыстар мен қалалар әкімдерінің орынбасарларын тарта отырып, жедел штаб жұмыс істейді.

Узнавайте первыми самые свежие новости агробизнеса Казахстана на нашей странице в , подписывайтесь на нас в или на нашу рассылку.

Соңғылары

Сату
01 Ақп 2026
ПР
Продавец
Кокшетау, Казахстан
Сүтті табынның жас ІҚМ Оптом и в розницу Плем телята телочки и бычки
ІҚМ
ІҚМ
Теңге қолма-қол
бас
200 000 тг
Сату
01 Ақп 2026
ДА
Данил
Аршалы, Акмолинская область, Казахстан
Етті табынның жас ІҚМ Продам Крупный рогатый скот КРС
ІҚМ
ІҚМ
Теңге қолма-қол
бас
100 000 тг
Сатып алу
29 Қан 2026
Azamat
Караганда, Казахстан
Дәнді-бұршақ дақылдардың тұқымдары Куплю овес семена сорт Скакун
Құжаттармен Овес Жемшөп дақылдары
Құжаттармен Овес Жемшөп дақылдары
Келісуге болады
Предоставляю услуги
29 Қан 2026
MY
Mukayev Yerkin
-
Перевозки автотранспортом УСЛУГА-🌾🌾Зерновоз Шакман 🚚 с прицепом ( боковал )
Келісуге болады
Сатып алу
29 Қан 2026
DE
Del
Казахстан
Бидай 4 сын Куплю пшеницу 4 класс
Келісуге болады
Біздің серіктестер