09 Қаңтар, 2024 Жаңалықтар
0  

Үкімет азық-түлік бағасын тежеу шараларын анықтады

Серик Жумангарин Цены Инфляция
Үкімет азық-түлік бағасын тежеу шараларын анықтады
Фотосуретті түсірген: primeminister.kz

Қазақстанда бір жыл ішінде инфляция 9,8% құрады, бұл ретте Азық-түлік тауарларының бағасы 8,5% - ға өсті. Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, 2023 жылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары (ӘМАТ) бағасының өсу индексі соңғы бес жылдағы ең төмен көрсеткішке айналды.

Ағымдағы жылы үкіметке инфляция деңгейін 6-8% дәлізде ұстап тұру міндеті қойылды. Ол үшін Сауда министрлігінде әр өңір бойынша әлеуметтік маңызы бар тауарлар бөлінісіндегі индикативті бөлшек сауда мәндері олардың ерекшеліктерін, ағымдағы ахуалын және бес жылдық үрдістерін ескере отырып есептелді.

"Өңірлер мен тауарлар бөлінісінде ӘМАТ-қа индикативтік бағалар жобасы 2024 жылғы инфляцияның нысаналы деңгейі негізінде 6-8% шегінде есептелген. Ұсынылатын көрсеткіштер ағымдағы нарықтық жағдайды, маусымдық факторды және болжамды трендтерді ескереді. Сондай-ақ, делдалдық схемаларды тергеу жөніндегі өңірлік комиссиялардың жұмысы жалғастырылатын болады", - деді Үкімет отырысында сауда және интеграцияның бірінші вице-министрі Айжан Бижанова.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжурековтың айтуынша, бүгінде ӘКК-де ұн қоры 25,7 мың тоннаны құрайды, оның ішінде тұрақтандыру қорларында 14,1 мың тонна сақталады, айналым схемасы шеңберінде 11,5 мың тонна бар.

"Әкімдіктер мен Азық-түлік корпорациясының меморандумдары шеңберінде өңірлерді жеңілдікті бидаймен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2023 жылдың қыркүйек-желтоқсан айларында бекітілген бидай көлемі 64,5 мың тоннаны құрайды, қазірдің өзінде 60,8 мың тонна бидай жөнелтілді", — деді Ербол Тасжүреков.

2024 жылдың қысқы-көктемгі кезеңіне арналған көкөніс қоры 174,1 мың тонна (100,6 мың тонна картоп, 25,6 мың тонна пияз, 22,6 мың тонна қырыққабат, 25,1 мың тонна сәбіз) көлемінде қалыптастырылды. Бұл ақпан мен сәуір аралығында нарыққа реттеуші әсер ету үшін жеткілікті.

Вице-министр әкімдіктерге ерте егін жеткізуге форвардтық шарттар жасасу қажеттігін еске салды.

"Биылғы маусымнан тыс уақытта қаржыландыру өткен жылдың 1 тамызынан басталуы керек еді. Алайда өңірлер әлі күнге дейін ерте көкөністерді жеткізуге форвардтық шарттар ұсынған жоқ", - деп атап өтті Ербол Тасжүреков.

Жиынды қорытындылай келе, вице-премьер Серік Жұманғарин өткен жылы қазақстандықтардың инфляциялық күтулері жоғары болғанын атап өтті.

"Биылғы жылы инфляция дәлізіне 6-8% кіру міндеті тұр. Көкөніс қорларын брондау үшін нақты жоспар құру керек және бұл жұмысты ақпан айының соңында емес, әлдеқайда ертерек бастау керек. Қажет болған жағдайда жеміс-көкөніс өнімдері бір өңірден екінші өңірге бірнеше күн ішінде жеткізілуі үшін өңіраралық көлік логистикасының тиімділігін арттыру қажет. Сондай-ақ өнімсіз делдалдарды анықтау жөніндегі өңірлік комиссиялардың жұмысын күшейту қажет", - деп қорытындылады Серік Жұманғарин.

Узнавайте первыми самые свежие новости агробизнеса Казахстана на нашей странице в , подписывайтесь на нас в или на нашу рассылку.

Соңғылары

Сату
05 Мам 2026
77
77079083821
Аксай, Западно-Казахстанская область
Ересек сүтті табын ІҚМ Продам КРС
Теңге қолма-қол
бас
18 000 000 тг
Сату
05 Мам 2026
ER
Erdaulet
Шымкент
Күнбағыс күнжарасы Подсолнечный шрот
1000+ 10 000+ 1 000 000+
1000+ 10 000+ 1 000 000+
Келісуге болады
Сатып алу
02 Мам 2026
МB
мельница BEST KOSTANAY
Костанай
Бидай 3 сын Покупаем пшеницу от СХТП на мельницу
АШТӨ
АШТӨ
Келісуге болады
Сатып алу
02 Мам 2026
БА
Баке
Акмолинская , недалеко от Астаны
Бидай 3 сын Пшени
Желімтек 25%
Желімтек 25%
Келісуге болады
Сату
02 Мам 2026
НУ
Нурман
Казахстан
Арпа Продам ячмень в мешках
Келісуге болады
Біздің серіктестер